Кәсіптік бағдар беру жұмысы

Киелі жер Отырарға салем айт!
2023-2024 оқу жылының оқу жоспарына сәйкес «Филология» факультетінің «Шетел тілдері» кафедрасының оқытушылары  Отырар ауданы мектептерінің түлектері үшін  БББ түрлері бойынша  кәсіби бағдар бағытымен жұмыс жасау мақсатында іс-сапарлар ұйымдастырды. 
 Оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қамтамасыздандыру, кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында оқушылардың дара ерешеліктерін зерттеу, мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу, оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу мақсатында Отырар ауданына қарасты М. Шаханов атындағы ЖОМ; С.Қуртаев атындағы шағын жинақты ЖББМ; «Темір» ЖББМ; Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия; Жамбыл атындағы мектеп –лицей; Өзбекәлі Жәнібековтың атымен аталған № 4 лицей-интернат  мекемелерінің 11 сынып оқушыларымен кездесіп, мамандықтар туралы презентациялар көрсетіліп, сауалнама толтыртып, бейнероликтерді көрсету арқылы оқушылармен түсіндіру жұмыстарын өткізді және университетіміздің ғылым мен инновациялық білім беру технологиялары, ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстары, білім беру бағдарламаларымен таныстырды.
Алдағы уақытта жаппай оқушыларға ҰБТ сәтті өтіп, өздерінің таңдаған маман иесі болуына жылы лебіздерін білдірді.