СТУДЕНТТЕР ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР: ГРАНТТАР ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ!

Бүгін университет ректоры Жұмабек Ташенов пен JOO ANALYTICS жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аймақтық директоры Жасұлан Уразбаев өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл келісім студенттер үшін білім алу, ғылыми зерттеулер жүргізу және кәсіби даму жолында жаңа мүмкіндіктер ашады.
Бұл серіктестік не береді?
5 білім гранты – байқау жеңімпаздарына
Бірлескен жобалар мен зерттеулер
Оқу үдерісіне цифрлық шешімдерді енгізу
Тараптар келісімге қол қоя отырып, қазіргі заманғы технологияларды білім беру жүйесіне біріктіру және талантты студенттерді қолдау маңыздылығын атап өтті.
Жұмабек Ташенов атындағы Университетінің ректоры:
"Біз JOO ANALYTICS компаниясымен ынтымақтастық бастағанымызға қуаныштымыз. Ортақ күш-жігеріміз студенттерге заманауи білім беру құралдарына қол жеткізуге және өздерінің ғылыми идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп сенемін."
JOO ANALYTICS аймақтық директоры Жасұлан Уразбаев:
"Білім – табысты болашақтың кілті. Біздің мақсатымыз – талантты студенттерді қолдау және білім беру процесіне инновациялық шешімдерді енгізу. Университетпен серіктестік жастардың әлеуетін дамытуға және олардың кәсіби өсуіне ықпал етуге мүмкіндік береді."
JOO ANALYTICS туралы:
JOO ANALYTICS – 2020 жылы негізі қаланған қазақстандық IT-компания. Ол бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және жеке мектептер желісін басқару саласында жұмыс істейді. Сонымен қатар, компания JOO.kz мобильді қосымшасын жасап шығарды, ол талапкерлерге университеттер мен мамандықтарды таңдауда және ҰБТ-ға дайындалуда көмектеседі.
Университетпен серіктестік білім беру технологияларын дамытудағы маңызды қадам болмақ және студенттер үшін жаңа перспективалар ашады!
 

Оқиға категориялары