ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ
- 1 view
ШЫМКЕНТТЕ «CREATIVE OF INDUSTRY OF SHYMKENT» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ.
Іс шараға еліміздің Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев, қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов және 30-дан астам креативті индустрия бағытының өкілі қатысты.
Вице-министр Ержан Мәлікұлы қаланың туристік маңызы жоғары екенін атап өтті. «Шымкент – Қырғызстан мен Өзбекстанды Қазақстанның басқа өңірлерімен байланыстыратын торап болып табылатын ірі қала. Қаланың өзіндік бәсекелестік артықшылықтарын пайдалана отырып, бүкіл оңтүстік өңірі үшін тірек туристік орталыққа айналуына барлық мүмкіндігі бар», – деді Е. Еркінбаев.
Мегаполистің мүмкіндіктеріне тоқталған қала басшысының бірінші орынбасары креативті индустрияның 5 басым бағыты айқындалғанын жеткізді. Олар: кино және анимация, дизайн және сән, IT және геймдевелопмент, сондай-ақ, халық қолөнері мен музыка.
Форум-көрме аясында питчинг, яғни креативті жобаларды қорғау мен таныстыру арқылы, инвестиция тарту мүмкіндігі қарастырылуда. Сондай-ақ Шымкент қаласында креативті индустрия бағытын дамыту мақсатында бірқатар меморандум жасалады.
Айта кетейік, былтырдан бастап қалада кәсіпкерлерге 5 жылға дейін 1%-бен 10 млн теңгеге дейін несиелеуді қарастыратын «Іскер қала» өңірлік кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама аясында креативті индустрия субъектілеріне ғимаратты жалға алудың бір бөлігін субсидиялау арқылы мемлекеттік қолдау қарастырылған. Осы бағытта 2024 жылы креативті хаб ашу жоспарланған. Онда түрлі шеберлік сабақтарын, арнайы шоу-рум, шығармашылық кештер мен кездесулер өткізуге болады. Жалпы, осыған дейін түрлі мемлекеттік бағдарлама арқылы мегаполисте 11 кәсіпкер қаржылай қолдауға ие болып отыр.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет