Ғылыми конференция басталды

12 сәуір - ғылым қызметкерлерінің күні. Tashenev University осынау кәсіби мереке қарсаңында «Жастар және ғылым - 2023" атты жас ғалымдар мен студенттер арасындағы республикалық ғылыми-практикалық конференциясын бастады. 
Талантты, ғылымға қызығушылық танытатын студенттерді табуды және қолдауды мақсат еткен шараға өңіріміздегі және көрші аймақтардағы білімге құштар студенттермен қатар оқу ордамыздың ғылымға жақын білім алушылары да қатысуда.
Конференцияның ашылуында сөз алған университет ректоры Қ. Байболов қатысушыларды мерекемен құттықтап, жас ғалымдарға сәттілік тіледі. 
12 сәуір – Ғылым академиясының тұңғыш Президенті, көрнекті ғалым-геолог Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келген күні. Осынау айтулы күн Ғылым қызметкерлеріне арналып отыр. Сіздер қазақтан шыққан тұңғыш академиктің ғылым саласында жолын қуған ізбасарларысыздар. Сіздерді білім, ғылым саласында болып жатқан жетістіктерге үлкен үлес қосады деген сенемін. Біздің университетіміздің стратегиялық бағыттарында келешекте ғылыммен айналысатын бірнеше мектептерді құруды жоспары да бар. Онда ғылым жолына түскен білім алушылар таңдаған саласына тереңірек үңіледі. Еліміздің жер қойнауында Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрі бар десе де болады. Осынау байлықты игеру үшін жаңа ғылыми көзқарас керек. Ғылымның қайнар көзі сіздерде. Ендеше жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!,--деді Қанат Байболов.