Денсаулық – басты байлық

Бүгін әлем жұртшылығының назарын аударған "ХХІ ғасырдың обасы" аталған СПИД (иммунитет жетіспеушілік синдромы) дертіне байланысты университет студенттері дәрігермен кездесу жиынын өткізді.

"Облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен күресу" орталығы мемлекеттік мекемесінің Жетісай қалалық филиалының дәрігер эпидемиологы Жақсылықов Изинхан Тулешұлы қауіпті дерттің сипаты туралы дәріс оқыды. "СПИД-тен сақтану үшін не істеу керек?" деген көпшіліктің жиі қоятын сауалына орай "Ғасыр дертінің" пайда болу жолдарын және оның алдыну алу, күресу жолдарына тоқталып өтті. Бұл дертке елімізде жыл сайын 1000-ға жуық адам шалдығады екен. Оның негізгі ошақтары Алматы, Қарағанды, Теміртау қалалары екені баспасөз беттерінде айтылып жүр.

Жиын соңында дәрігер барша жастарды салауатты өмір салтына шақырды. Себебі, ұлт болып ұйысу үшін жан мен тәннің саулығы қажет.

Теги: