Ән және сән шеруі

"Сырдария" университетінің 20 жылдық мерейтойына орай 2017 жылдың 2-қарашасында «Өнер» факультетінің ұйымдастыруымен «Ән және сән шеруі» атты шығармашылық кеш болып өтті.

Рухани жаңғыруды өркениеттің өрге жүзуімен байланыстрыған факультеттің профессор-оқытушылары және студенттері ән әуездерін жүрекке жеткізіп, сән әлемінің озық стилдерімен таныстырды. Қазақстан студенттер сарайындағы Орынбай Әділбектің «Балалық шақ», Асқар Азаматтың «Махаббатым менің», Ерманова Мадина мен Жарқынбек Балнұрдың «Сен», Боранбай Бекзат пен Қонысбек Арайлымның «Екіге жүрек бөлініп», Шыныбай Нұрдәулеттің «Қаланың сұлулары» орындауындағы әндері жүректі тербесе, «Назерке» би тобының арулары испан биімен мың бұрала билеп, шығармашылық кештің мәнін ашты.

Сән бағытында профессор-оқытушылар Жұлдыз Ақылбекқызының «Иллюзия», Алтынай Қарабекқызының «Романтикалық стилдегі киімдер», классикалық және ұлттық стилде күз мезгіліне арналған «Күзгі леп», Балжан Бектемірқызының авангард стиліндегі «Қиял шегі», Жанар Сүттібаевның классикалық стилдегі «Гламур» сән топтамалары көрсетілді.

Өнер сахнасында өркениеттің өрге жүзуімен байланысты ұлттық құндылықтар дәріптелді, адам баласының ішкі әлемі жаңартылды, жаңа өзгерістерге бейімделген сана-сезім көрсетілді.

Оқиға категориялары