МАМАНДЫҚ ТАНДАУ - ӨТЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ЖӘНЕ МАҢЫЗДЫ ІС
- 1 view
№14 (602) 16.04.2021
Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Мысалыға, өзімнен бастасам 14 жасымда осы өнер жолын таңдап, Шымкенттегі музыка училищесіне оқуға барып, онда домбыра класын бітіріп, әрі қарай Алматы консерваториясын бітіріп, білімімді Москва қаласында жетілдірдім. Міне, 60 жылға жуық өнер саласында келемін. Мыңға жуық шәкірттерім бар.
Қазіргі кезде шәкірттерім өзіме әріптес болып, өз түрған жерінде, үлкен бір мекемеде тыңғылықты, абыройлы қызмет атқарып жүргенін және олардың жеке-жеке өз жұмыстары жайлы, шығармашылықтары жайлы хабарласып тұратынын айтқым келеді.
Бізде оркестр, хор, би, вокал үйірмелері үздіксіз жұмыс істейді. 6В01402- «Музыка мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы музыкалық білім беру саласында ойы озық, жоғары білім негізі және кәсіби білік пен дағдылары берік қалыптасқан мамандаярлауға бағытталған: жалпы білім беретін мекемелер (колледждер, мектептер, лицейлер, гимназиялар және т. б.), орта және арнаулы, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары және қосымша музыкалық білім беру ұйымдарының барлық түрлері, мемлекеттік және мемлекеттік емес басқару ұйымдары, ұйымдастыру және басқару кәсіпорындары, оқу-өндірістік ұйымдар, мәдени-ағарту ұйымдары, орта және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарындағы эксперименттік-зерттеу қызметі, коммерциялық ұйымдарда жұмысжасай алады.
Армандарға қол жеткізу бірінші жасаған қадамнан басталады, сол бірінші қадамдарың, таңдауларың сәтті болуына тілекгеспін. Құрметті жас достар сіздерді «Сырдария» университеті күтеді.
Бөрі ИСА, «Өнер» кафедрасының аға оқытушысы, профессор, ҚР Мәдениет қайраткері
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет
Жаңа пікірді жазу