"Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" атты таныстыру семинары өтті
- 44 просмотра
Қыркүйектің 27-і күні ҚР Президенті Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясындағы "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы бойынша "Ұлттық аударма бюросынан" аударылған 18 оқулықты университет студенттері арасында таныстыру, түсіндіру және талқылау мақсатында кітапхана бөлімі мен "Құқық және экономика", "Қазақ тілі мен әдебиеті", "Отан және шетел тарихы", "Педагогика және психология" кафедраларының профессор-оқытушылар құрамы таныстыру семинарын өткізді.
Президент Н.Назарбаевтың тапсырмасымен қолға алынған жобаның негізіндегі жаңа буын оқулықтарының университет студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы үшін мәні өте зор. Әлемнің көшін бастап тұрған университеттерде оқытылатын оқулықтардың авторлары – дүние жүзіне әйгілі ғалымдар. Осы еңбектерді іріктеу барысында сарапшы мамандардың еңбек етіп, қазақ тіліне аударуы, қалыптасқан өзіндік пікірлері экранда бейнебаян негізінде көрсетілді.
Семинар жұмысына универсиет құрылтайшысы Е.Сейілқызы, Тәрбие істері және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор, п.ғ.к., доцент Н.С.Тленчиева, ф.ғ.к., доцент Л.У.Абенова, э.ғ.д., профессор Б.Серікұлы, п.ғ.к. Г.Кужагулова, С.ташкенбаева, А.Байболова, Е.Панов, Н.Сейлиханова және студенттер қатысты.
Семинарда барысында Елбасымыздың Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылған "100 жаңа оқулық" жобасы аясында шығарылған оқулықтардың білім саласындағы маңыздылығы сөз болып, барлық оқу орындарында осы кітаптардың негізінде білім алуға мүмкіндік жасалып отырғандығын баса айтылды. Таныстыру семинарында сөз алған профессор Б.Серікұлы аталған оқулықтар студенттерді рухани жағынан байыта түсетіндігін және осы кітаптармен кітапханадан және университет сайтындағы электрондық нұсқасымен танысуға болатындығын атап өтті.
Жиын соңында ф.ғ.к., доцент Л.У.Абенова С.Г. Тер-Минасованың әйгілі оқулығы "Тіл және мәдениетаралық коммуникация" оқулығының маңызына тоқталып, танымдық-философиялық және тәрбиелік тағылымы мол мысалдарға тоқталды.
Оқулықтардың негізгі мазмұнымен таныстыру семинарына қатысқан студенттер мен профессор-оқытушылар өз ой-пікірлерін де білдірді.
Оқиға категориялары
?База данных "Zan" ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
✅ Анкета "Удовлетворенность студентов организацией научно-исследовательской работы в вузе"
✅ Анкета "Вовлечение преподавателей вуза в научно-исследовательскую работу"
✅ «Удовлетворенность ППС высшим учебным заведением»
✅ «Удовлетворенность студентов результатами обучения»
✅ «Удовлетворенность студентов вузов предоставляемыми им вспомогательными услугами»
✅ Анкета по удовлетворенности работодателя качеством подготовки выпускников