«Вокалдық-техникалық дағдыларды жетілдіру» практикалық ашық сабақ

«Ж.А.Тәшенев атындағы университеті» АҚ «Педагогика және өнер» факультеті «Саз және ән» кафедрасының магистр, оқытушысы Мәшір Перизат Ілесқызының 18.04.2025 күні Гагарин көшесі-22 корпусы 212-ші аудиториясында ПиК-24-3к 3-курс студенттерімен «Дауысты қою-2» пәнінен «Вокалдық-техникалық дағдыларды жетілдіру» тақырыбы бойынша практикалық ашық сабағы өткізілді.Ашық сабаққа кафедрамыздың оқытушылары келіп қатынасты. Сабақ өз уақытында басталып, сабаққа қажетті құжаттар толығымен болды. Студенттер бірнеше дауыс жаттығуларын жасап көрсетті. Әрбір дыбыстың дұрыс шығуына байланысты жеке жаттығулар жасалып, сабақ қызықты өтті. Ашық сабақты өткізуге арналған сабақ жоспары,көрнекі құралдар мен қосымша материалдар сабақтың тақырыбына сай. Студенттер мен бірге топтық және жеке дауыс жаттығулары жасалды. Ашық сабақта студенттер өте тамаша белсенділік танытып, сабақ тартымды әрі қызықты өтті. Студенттер белсене қатысып,ашық сабақтың нәтижелі өтуіне атсалысты.ашық сабақтың жоспары толық уақытында орындалды. 

Оқиға категориялары