Университетімізде "Бұрымды қыз" сайысы өтті
- 72 просмотра
Қазақ қыз десе, беті ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, шашы ұзын, басқан ізі білінбейтін жан елестейді. Құлағымызға шолпының сыңғыры елестейді. Қазіргі қыздарға тән ұзын шаш жойылып кеткен жоқ, қайта көбейіп келеді. Осыған орай, университетімізде "Гуманитарлық білім" факультетінің топ басшыларының ұйымдастыруымен, "Бұрымды қыз" атты факультетаралық сайыс өтті. Бұл сайыста 9 ару (Манешова Гауһар, Ізбасхан Алмагүл, Қосанова Ақбаян, Қадыр Ақтолқын, Шалқар Балжан, Құрмаш Құрбанкүл, Жүзжігіт Гүльназ, Әшірбай Салтанат, Ахмет Әсем) бақ сынасты. Сайыс үш кезеңнен тұрды: 1)Таныстыру; 2) Шаш өру; 3) Сұрақ-жауап. Әділ қазылар алқасы болып профессор, педагогика ғылымдарының докторы Г.Мұсабекова, аға оқытушы М. Исламова, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент С.Апашева, аға оқытушы О. Өтегенова жайғасты.
Байқауда қыздардың шаш қалыңдықтары мен ұзындығы ескерілді. Қыздар, сондай-ақ, шаштарын қалай аялап күту керек жөніндегі қыр-сырларымен бөлісті. Сайыс қызық әрі тартысты өтті. БПӘ-26 тобының студенті Ізбасхан Алмагүл байқаудың жеңімпазы атанды. 2-орынды Шт-16 тобының студенті Жүзжігіт Гүльназ иеленді. Қалған қыздар сертификатпен марапатталды.
Университетімізде шолпысы сыңғырлағын, бұрымын бағым деп бағалайтын бұрымдылар көбейе берсін демекпіз!
Оқиға категориялары
?База данных "Zan" ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
✅ Анкета "Удовлетворенность студентов организацией научно-исследовательской работы в вузе"
✅ Анкета "Вовлечение преподавателей вуза в научно-исследовательскую работу"
✅ «Удовлетворенность ППС высшим учебным заведением»
✅ «Удовлетворенность студентов результатами обучения»
✅ «Удовлетворенность студентов вузов предоставляемыми им вспомогательными услугами»
✅ Анкета по удовлетворенности работодателя качеством подготовки выпускников