"Физика" үйірме
- 227 просмотров
«Сырдария» университеті, Жоғары математика және физика кафедрасының оқытушылары п.ғ.к., доцент Бердалиева Тилла мен ғ.м., аға оқытушы Динасилова Молдир Батырхановна 10 наурыз күні үйірме жұмыстарын жүргізді.
Үйірмемізідің тақырыбы «Физиканы оқыту негіздері», мұнда студенттер бос уақытында физикалық теорияны тәжірибе түрінде дәлелдейді.
Тилла Досыбековна: бүгінгі үйірмемізіді кішігірім семинар түрінде өтіледі, - деді.
«Физиканы оқыту негіздері» мұнда 7 сыныпқа арналған «Физика» оқулығын жаңа оқу бағдарламасына сәйкес 2003 жылғы оқулық пен 2017 жылы шыққан жаңа мазмұндағы оқулықты салыстыру. Оқулықтардың аттары - төл оқулығымызда «Физика және Астрономия», ал жаңа мазмұндағы оқулықта «Физика» деп берілген. Осы қарастырып отырған оқулықты 3 курс студенттері «Сараптама» тобы төл оқулығымызбен, жаңа мазмұндағы оқулықтарды салыстырып сараптама жасайды, ал «Эксперимент» тобы жұптық жұмыспенен өз тәжірибелерін көрнекі түрде көрсетеді.
Сараптама
Жүніс Ұлжан: Оқулықтың мұқабасы. Біз үйірмеміздің барысында төл оқулығымызбен жаңа мазмұндағы оқулықты талдап, салыстырдық.
Төл оқулығымыз 2003 жылы «Физика және Астрономия» авторы Башарұлы Р. Қазақбаева. Тоқбергенова. Мұқабасы оқушылар сабақта практикалық есептер шығару үшін халықаралық бірліктер жүйесімен берілген.
Жаңа мазмұндағы 2017 жылығы оқулықтың авторы Башарұлы Р. Мұқабасы астрономиялық көрсетілімдер берілген. Бірақ ешбір қажет мәліметтер қысқартылмаған, оқулықтың соңында қосымша мәліметтер тізімінде берілген. Жаңа мазмұндағы оқулық оқушы үшін айқын көрнекілігімен айқындап, жинақтап берілген. Екі оқулықта Атамұра баспасынан шыққан.
Айдар Мереке: Оқулықтағы тараулар мен бөлімдер. Біз бұл 7 сынып төл және жаңа мазмұндағы оқулықтардың тарау және бөлімдерді қарастырамыз. Жаңа бағдарламада яғни жаңартылған мазмұндағы оқулықта 6 тарау, ескі кітапта 6 тарау бар. Олардың атауларына келетін болсақ, жаңа мазмұндағы оқулықта:
1-тарау. Физика-табиғат туралы ғылым.
2-тарау. Механикалық қозғалыс.
3-тарау. Денелердің өзара әрекеттесуі.
4-тарау. Қысым
5-тарау. Жұмыс, Қуат, Энергия.
6-тарау. Ғарыш және Жер.
Төл оқулығымызда:
1-тарау. Физика және астрономия табиғат туралы ғылым.
2-тарау. Заттың құрылысы.
3-тарау. Қозғалыс.
4-тарау. Масса және күш
5-тарау. Қысым.
6-тарау. Жұмыс, Қуат, Энергия
Бұл кітаптың ерекшелігі әртүрлі тараудың алдында бағдарламалық мақсаттар айқын көрсетіліп бөліп жазылған. Мысалы, І тарауға қарайтын болсақ, бағдарламада біздің алдымызға қойлған мақсаттар талап етілген. Бұл оқушы осы мақсатты білу керек. Тарауда осыны мұғалім оқушыларға меңгерту керек. Білім берудегі мақсатымыз оқушыларға қайткен күндеде физиканы меңгерту.
Әбілхайыр Ұлжан: Практикалық және эксперименттік тапсырмалар мен зертханалық жұмыс.
Төл оқулығымыз бойынша практикалық тапсырма 19. Ал жаңа мазмұндағы оқулықта практикалық тапсырма бойынша 19. Төл оқулығымызда эксперименттік тапсырмалар мен практикалық тапсырмамен біріккен. Ал жаңа мазмұндағы оқулықта эксперименттік тапсырма өз алдына берілген. Экспериметтік тапсырма саны екеуі. Мектеп курсында зертханалық жұмыстар кеңінен түсіндіріледі. Төл оқулығымызда физикалық шамалар кіші тақырыпша болса, жаңа мазмұндағы оқулықта зертханалық жұмысына баса назар аударған. Төл оқулығымызда сегіз зертханалық жұмыс, жаңа мазмұндағы оқулықта он зертханалық жұмыс. Жаңа мазмұндағы оқулықта екі зертханалық жұмыс қосылған. Олар:
№4 зертханалық жұмыс: Денелердің өлшеу қателігін анықтау.
№8 зертханалық жұмыс: Жазық фигураның массалар центрін анықтау.
Мүтәлі Ләззат: Жаттығулар мен сұрақтар: Біз үйірмемізде жаңа мазмұндағы оқулықпен төл оқулығымызды салыстырып зерделедік. Соның ішіндегі мен сұрақтар мен жаттығуларға тоқталдық. Жаңа мазмұндағы оқулығымызды тараулар бойынша қарастырғанымда, төл оқулығымызбен сана жағынан айырмашылығын байқадық.
№ Төл оқулыңымызбен жаңа мазмұндағы оқулықтардыңы сұрақтары мен жаттығулар Жаңа мазмұндағы оқулық Төл оқулығымыз
1 Сұрақтар саны 261 361
2 Жаттығулар саны 129 155
Қорытындылай келсек, жаңа мазмұндағы оқулығымызда тақырыптар саны ықшамдалуына байланысты сұрақтар мен жаттығулар саны азайған. Ал мазмұны жағынан елеулі өзгеріс жоқ.
Бектенов Гаухар: «Ғылым мен техниканың дамуы, оқушыларға қосымша материалдар».
Ғылым мен техниканың даму тарихынан төл оқулығымызбен жаңа мазұндағы оқулықты салыстырып қарағанда, төл оқулығымызда мәлімет берілмеген. Жаңа мазмұндағы қызықтыратын мәліметтермен қосса, шартты белгісі де ерекшеленіп сарымен берілген. Тереңдетілген деңгейдегі қосымша материалдар екі кітабымызда да мәліметтері бірдей. Жаңа мазмұндағы оқулықта шартты белгісі ғана өзгерген. Төл оқулығымызда астрономияға қатысты қысқаша тоқталған. Ал жаңа мазмұндағы оқулықта физикаға көп көңіл бөлген және шартты белгісі де ерекшеленіп сары түспен берілген. Қосымшаларға келетін болсақ, екі кітаппен салыстырғанда төл кітапта 9-кесте берілген, ал жаңа мазмұндағы оқулықта 11-кесте деп берілген. 2-кесте физика элементтерінің күрделі атаулары берілген.
Эксперимент
«Жарықтың таралуын» студенттер Тәліп Динара мен Бегімбет Ақтолқын тәжірибе түрінде көрсетті. Мұнда әртүрлі оптикалық линзаларды пайдаланып, денелердің кескіндерін қалай алу керек екенін айқындап айтты. Онда дененің кескіндері үлкейтілген, төңкерілген, кішірейтілген және жалған болатынын тәжірибе жүзінде көрсетті.
«Сұйықтың агрегаттық күйлерін» студент Химматова Перизот тәжірибе жүзінде керекті құрал-жабдықтармен түсіндіре отырып таныстырды. Оларға 400 мл ішкі және сыртқы резбасы бар тіреу, приборканы ұстаушы, колба, екі саңылаулы резеңке тығын, термометр, металл түтік, шланга, шыны стакан, спиртовка, базалық плата және су жататынын ата кетті.
Студенттердің тәжірибесі
Жұмыстың орындалу ретіне тоқталды:
1. Алдымен базалық платаға 400 мл ішкі және сыртқы резбасы бар тіреуді орналастырамыз.
2. Тіреуге приборканы ұстаушыны орналастырып, колбаны орналастырамыз.
3. Колбаға (екі) су құйып, екі саңылаулы резенке тығынның біріне термометрді, ал екіншісіне металл түтікті орналастырамыз.
4. Шланганың бір ұшын металл түтікке ал екінші ұшын шыны стаканға қойып, спиртовканы жағамыз.
5. Термометрдің бастапқы күйін бақылап, су қайнағанға дейінгі және қайнағаннан кейінгі шланганы бақылаймыз.
«Жел және күн энергиясын пайдалануын» көрнекіліккі түрде студенттер Қуан Бердібек, Рысбек Нұрдәулет тәжірибе жүзінде асырды. Болашақта электр энергиясын тиімді пайдалану үшін күннен, желден электр энергиясын өндіруіміз қажет. Өйткені қазіргі таңда электр энергиясын су электр стансиясынын алынуда. Су электр стансиясының қуаты таусылса, электр энергияны күн менен желден электр энергиясын өндіруіміз қажет. Ол үшін күннен электр энергиясын алу үшін күн панелі, ал желден электр энергия алу үшін жел турбиналары пайдаланылады.
«Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауды» тәжірибе жүзінде студенттер Мұсабек Исахан мен Омарханов Шоқан көрсетті. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауларды түсіндіру үшін алдымен құрал-жабдықтармен атап өтті. Олар: амперметрлер, вольтметрлер, өткізгіш сымдар, ток көзі, кілт, шам және ток күшін реттеп отыратын реостат. Біз 4 курс студенттері болғандықтан, физиканы көрнекі түрде өту үшін бос уақытымызда үйірмелерге келіп тұрамыз. Сондықтан жоғарыдағы тәжірибені жасау үшін бірінші өкізгіш сымдармен жалғай отырып, ток көзін қосу арқылы электр шамын жағамыз.
Тәжірибенің көрнекілігі
Мұнда параллель жалғаған уақытта ток күші артатынын, электр кернеуінің тұрақты болатынын, ал электр кедергісінің кемитінін және өткізгіштерді тізбектей жалғаған уақытта ток күші тұрақты, электр кернеуінің артатынын, ал электр кедергісінің артатынын көрсетті. Параллель жалғауды күнделікті тұрмыста қолданатынын айта кетті.
«Электромагниттік құбылыстарды түсіндеретін тәжірибені» студенттер Рзабек Арайлым мен Нысанова Алтын 1, 2 тәжірибелерді көрнекі түрде көрсету. 1 тәжірибе (Қоңырау) керекті құрал-жабдықтар: штативті пластина үш бекіткішті, бұранда, катушка 800 орамды, қоңырау диаметрі 70 мм, өткізгіш сымдар, кіші солқылдақ темір, ток көзі.
Электр зарядының төңірегінде немесе электр тогының төңірегінде электр өрісі пайда болатынын, сол өрістің бар екенін көрнекі түрде көрсету үшін осы тәжірибені байқайық. Ішіне темір өзекше орналастырылған қатушка электромагнит деп атады. Катушканың ішіне орналастырылған темір өзекше катушкадағы күшейткендегідей немесе ондағы орамдар санын көбейткендегідей магнит әрекет етеді.
Электромагниттің кереметтілігі соншалықты оның орамындағы тогы бар тізбекті қосу және ажырату жолымен оны магниттеуге және магнитсіздендіруге болады. Катушканың міндеті электр зарядтарын тербелтеді. Реле токтың жұмыс тізбегін қосқанда жұмысқа қосылады. Шарғы арқылы өтетін ток өзекшені магниттейді, пластина өзекшеге тартылады да, кез келген жұмыс тізбегінің жасалған жеріне тұйықтайды, яғни қоңырау шалынады. Электромагнитке сым жалғанса, жұмсақ темірдің күшейтілуі тартылады. Шарғы арқылы өтетін тоғы бар тізбекті ажыратқаннан кейін серіппе контактілерді ажыратады.
2 тәжірибе. Құрал-жабдықтар: штатив немесе тұрғы, қос өзекшесі бар катушка, жүктер, жалғағыш сымдар, ток көзі және темір ілгіш. Штативтен алынған қысқа темір стерженгьге тізбектеп қосылған. Электромагниттік екі катушка кигізілсін, олар ток көзінен ток өтеді. Бұл қондырғымен жасалған тәжірибеде бір немесе екі катушка өткізілген магниттелмеген темір ілгіш күшті магниттік қасиетке ие болатынын көрсетеді. Прибор электромагнит болады және өзінің ұштарында едәуір ауыр заттарды ұстап тұрады. Темір ілгішке ауыр жүктер ілінсе, ол стерженьнен ажырайды. тартылыс күшін арттыру үшін якорьді электромагниттің бір полюсіне ғана ұстатып қоймай, екі полюсімен бірдей ұстататындай П әріпі тәрізді өзекше қолданған жөн.
Мұндай өзекше муфтаның көмегімен штативтердің аралығындағы аралыққа бекітіледі. Ажыратқыш арқылы ток көзіне қосып, электромагниттің күшті әсері демонстрацияланады. Электромагнит ілгіште 10 кг ұстап тұрады. Токты ажыратқан моментте гир құлайды, сондықтан штативтердің аралығына бір жұмсақ нарсе, мысалы бірнеше қабатталып бүктелген сүлгі немесе құм салынған темір таба қою керек. Болашақта оқушыларды физика пәніне қызықтыру үшін әртүрлі көрнекі тәжірибелер арқылы көрсетуге болады.
«Геомериялық оптиқаға арналған жинақты» студенттіміз Қасымбек Аида (Перевод) геометриялық оптикалық жинақтың нұсқаулығы қытай тілінде жазылғандықтан, ол нұсқаулықты қытай тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне аударып, жұмыс атқарып жатыр.
Үйірмемізде еркін тақырыпта студент Дүйсен Есбол күн панелімен жүретін «Ұшақ» жасады. Бұл Ұшақ DVD материалымен ойлап шығарылған. Мұнда қажетті құрал-жабдықтары:
1. Пеноплас
2. DVD маторчигі
3. DVD көк-қызыл шамдары
4. Әртүрлі сымдар
5. DVD қосып өшіргіш кнопкасы
6. Алюмин сымы
7. Бөтелкенің қақпақтары
8. Қарапайым батерейка
9. Күннен энергия алатын құрылғы
Осылар арқылы мен қондырғыны жасалды. Сіздерге қалай жасалғаны қызық шығар? Ұшақтың жоғары бөлігіне күн панелін орналастырып, ток алу арқылы электр энергиясы алынады. Сол арқылы ұшағымыз қозғалысқа келе бастайды. Сонда күн немесе жел арқылы электр энергиясын алу арқылы ұшағымызды көкке көтере аламыз.
Қорыта келе, үйірмемізді дамыта отырып, әрбір физиканың бөлімдерінің әдістемесін түсіндірумен қоса, жан-жақтама теориялық физикамызды тәжірибе жүзінде көрнекі түрде көрсету.
Оқиға категориялары
?База данных "Zan" ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
✅ Анкета "Удовлетворенность студентов организацией научно-исследовательской работы в вузе"
✅ Анкета "Вовлечение преподавателей вуза в научно-исследовательскую работу"
✅ «Удовлетворенность ППС высшим учебным заведением»
✅ «Удовлетворенность студентов результатами обучения»
✅ «Удовлетворенность студентов вузов предоставляемыми им вспомогательными услугами»
✅ Анкета по удовлетворенности работодателя качеством подготовки выпускников