«Features of a market economy» ашық дәріс сабақ

19.03.2025ж, сағат 12.30,  Koworking - аудиториядасында Сарыкулова Л.Т. э.ғ.к., аға оқытушы «Theory of Economics and microeconomics» пәнінен «Features of a market economy» атты ашық дәріс сабағын өтті. Сабаққа «Экономика және құқық» кафедрасының меңгерушісі Бакиров Е.А. және кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты. 
Дәріс алдын-ала дайындалған мультимедиялық көрнекі құралдарды қолдану негізінде жүзеге асырылды.  Лекцияның әрбір сұрағын ашуда лектор көрнекілік принципін негізге алып, интерактивті оқыту әдістерін қолдану арқылы білім алушылардың қызығушылығын арттыра білді. Тақырыпты ашу барысында студенттер бюджеттен тыс қорлардың қалыптасуын, төлемдерді есептеу түрлері мен тәртіптерін үйренді. Лектор мен білім алушылар арасындағы кері байланысты оларды бірге есептеу арқылы өте ұтымды түсіндіргенінен, тест тапсырмаларын орындату арқылы берілген ақпараттарды нақтылаудан, лекция барысындағы сұрақ-жауап, пікірталас барысынан көрінді.
 

Оқиға категориялары