«Тыныс алу жүйесінің физиологиясы» ашық сабақ
- 5 просмотров
Сабақтың түрі: Дәріс сабағы
Сабақтың әдісі: Дәріс дисскусия
Сабақтың көрнекілігі: интер активті такта, муляж, миға шабуыл
Өтілетін орны: 112 А.
Қатысқандар: А.С.Тенлибаева., Р. Дилбарканова., Р.Э. Айткулова., А.Р. Мамытова., А.Рзалы., Р.А.Козыкеева 2-курс, ЕП-23-7к оқу тобы.
Кафедраның профессоры Дильбарканова Рсай 6ВО5101-« Биология » мамандығының 2-курс (ЕП-23-7к) студенттеріне «Адам және жануарлар физиологиясы» пәнінен өткізілген ашық дәріс сабағын талдау.
Сабақтың әдісі: STEM технологиясы "Білемін / білдім / білгім келеді "әдісі,
сұрақ- жауап, талдау жасау.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, презентация, муляж, интербелсенді тақта,
Жаңа материалдарды меңгерту:
Дәріс жоспары:
1. Дем алу мен дем шығару механизмі.
2. Өкпенің тіршіліктік және жалпы сыйымдылығы.
3. Тыныс алу огандарының басқа да атқаратын қызметтері.
4. Тыныс алу құбылысындағы химиялық процестер
Жаңа материалдарды меңгерту:
Сүт қоректілердің тыныс алу процесіне танау, жұтқыншақ, кеңірдек, бронхтар, өкпе, үлкен және кіші қан айналу шеңберлері сонымен қатар өз тіршілігіне өттегін қажет ететін барлық мүшелер, тіндер , клеткалар мен клеткада орналасқан субъклеткалық органелла- митохондриялар қатысады.
Мұрын қуысынан жұтылған ауа өтеді, кірпікшелер мен түктер шаң- тозаңдарды ұстап қалады. Жұтқыншақ, кеңірдек, бронхтарда жұтылған ауа жылытылады. Өкпеде газ алмасу процесі жүреді. Өкпеге келген ауа құрамындағы оттегі қан құрамындағы қызыл қан түйіршіктері- эритроциттермен байланысады .Оттегімен қаныққан ал-қысыл қан артериялық кан тамырлары арқылы бүкіл органдар, тіндер, клеткаларға жетеді.
Сабақтың мақсаты:
Сүт қоректілердің тыныс алу процесіне қатысатын танау, жұтқыншақ, кеңірдек, бронхтар, өкпе, үлкен және кіші қан айналу шеңберлерінің қызметтері туралы білім қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
Дем алу мен дем шығару процесіне қатысатын органдардың анатомиялық, физиологиялық, гигеналық талаптары туралы жалпы мәліметтер мен ғылыми көзқарастарды қалыптастыру.
1.Тыныс алу органдарының құрылысы мен қызметі, гигеналық талаптары туралы ақпараттарды қалыптастыру.
2.Тыныс алу жүйесі бойынша алған білімдерін, сабақта қолдана отырып, әр Дем алу мен дем шығару мүшенің құрылысы мен қызметін меңгеруге дағдыларын дамыту.
3.Білемін / білдім / білгім келеді "әдісі, сұрақ-жауап бойынша талдау жасауға,
ізденушілікке, дүниетанымдылыққа, өз білімін көрсете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
- Уйымдастыру бөлімі, студенттердің сабаққа қатысуын тексеру.
- Өткен сабақтармен байланыстыру, сабаққа әзірлігін тексеру, назарын сабаққа шоғырландыру мақсатында сұрақ-жауап өткізу.
Сұрақ-жауап өткізу: Студенттерге сұрақ арқылы білімдерін анықтау.
- Ақпараттық бөлім: жалпы өтілетін дәріс бойынша ақпарат жасалад
(оқытушының жаңа дәріс бойынша мәліметті меңгерту)
STEM технологиясы нақты ғылымдардың негізгі принциптерін бір уақытта зерттеуді қамтитын жан-жақты оқыту.Студенттер өмірдің технологиялық инновацияларына, соның ішінде техникалық шығармашылыққа деген ынтаны дамыту және пәндер арасында байланыс орнату.Адам анатомиясы пәнінен STEM технологиясын пайдалану.
STEM арқылы студенттер негізгі дағдыларды дамытады, оның ішінде:
1. шығармашылық
2. сыни талдау
3. тәуелсіз ойлау
4. байланыс
"Білемін / білгім келеді / білдім"әдісі тақырыптың мазмұнына кешенді талдау жасау кезінде тиімді әдіс болып табылады.
Бұл әдіс арқылы тақырып бойынша бұрын алған білімін толықтыруға және оқыған мәтінімен өзінің күткен нәтижесін салыстыруға болады. Осылайша жұмыс істеу студенттің мәтін туралы бұрыннан білетін немесе мәтіннің әлі де белгісіз мазмұнын саралап жіктеуіне мүмкіндік береді.
Әдісті үш қадамға бөлуге болады:
1. Студенттер мәтінмен танысқанға дейін өз беттерінше немесе топта "Білемін", "Білгім келеді" деген бірінші, екінші бағандарды толтырады.
3. Мәтінмен танысу кезінде немесе оқылған мәтінді талқылау барысында студенттер "Білдім" бағанын толтырады.
4. Қорытынды жасап, бағандар мазмұнын салыстырады.
Қосымша ретінде "ақпараттар дереккөзі", "не ашылмай қалды?" деген тағы да 2 бағанды ұсынуға болады. Әр студент мәтінмен танысып, кестені толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде оқытушы ой қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады.
Дәрісті талдау, қорытындылау.
ЕП-23-10к топта өткізілген ашық дәріс сабағы боынша студенттердің түсінбеген сұрақтарына талдау жасау, жаңа тақырыпты өтілген алдыңғы сабақтармен ұштастыру
мақсатында сұрақтарға жалпылама тақырыпты қортындылау. Бағалау.
Студенттердің жауаптары 10-балмен бағаланды, олардың белсенділігі мен білімдері
бағаланды.
Шешім: «Химия және биология» кафедрасының профессоры Дильбарканова Рсай «Адам және жануар физиологиясы» пәні бойынша ЕП-23-7к 2-курс студенттеріне өткізілген ашық сабағы ЖОО талаптарына сай өткізілді деп қабылдансын.