«Алғыс айту – парызым!»

Жұмабек Тәшенев атындағы университетінде «Ж.А.Тәшеневтің 110 жылдығына» арнап «1 наурыз – Алғыс айту күніне» орай 27 ақпан күні “Мектепке дейінгі оқыту және психология” кафедрасының ұйымдастыруымен «Алғыс айту – парызым» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
«Алғыс айту – парызым» атты мерекелік іс-шараның мақсаты – студенттерге алғыс айту мәдениетін қалыптастыру, олардың өз өміріндегі маңызды адамдар мен жағдайларға деген құрметін арттыру, сондай-ақ қоғамдағы әлеуметтік байланыстарды нығайту және мейірімділік, адамгершілік құндылықтарын насихаттау. 
Алғыс айту күні – бірлігімізді нығайтып, өткенімізді ұмытпай, болашаққа сеніммен қадам басуға үндейтін мейрам. Бұл күн – тарихымыздың тағылымды беттерін еске алып, қиын-қыстау заманда бір-біріне қолдау көрсеткен жандарға алғыс білдірудің символы.
Алғыс айту – жүректен шыққан ізгі сөз, игі іс. Адам баласы бір-біріне алғыс айту арқылы өмірге шуақ шашады.
Бүгінгі Алғыс айту күні тек мейірімділік пен ризашылық мерекесі ғана емес, сонымен бірге ел үшін аянбай еңбек еткен тұлғаларды еске алып, оларға құрмет көрсететін күн.
Биыл көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт мақтанышы Жұмабек Ахметұлы Тәшеновтың туғанына 110 жыл толып отыр. Ол – еліміздің тұтастығы мен болашағы үшін аянбай еңбек еткен тұлға.
Жұмабек Тәшеновтың туғанына 110 жыл толуы – оның елі мен ұлты алдындағы ерен еңбегін еске алу, ұлт тәуелсіздігі жолындағы күресін және мемлекетіміздің дамуына қосқан үлесін дәріптеу үшін маңызды кезең болып табылады.
 Осы тұста 2 курс студенті Әбдіманат Аяулымның  жеке шығармасынан  шыққан «Ғасырлық білім шамы» атты арнауын ұсынамыз:

Ғасырлық білім шамы;
Ташеновке 110жыл
Білімнің шамын жаққан нұр мекенім,
Ғылыммен, ізгілікпен үлгі етемін.
Ғасырдан аса уақыт тарихымен,
Шәкірттердің бақ жұлдызын жағып келдің.

Ташеновым 110 жыл биыл саған,
Жетістікке жетейін сіз  аңсаған.
Ең үздік оқу ордам    бірісін сен,
Бар ғажайып өзіңе бере салған.

Оқу ордам шырағын жағып келем,
Дәл өзіңе шығардым шабытты өлең.
Шәкірттерің білім толы теңіз болса,
Ал "Ташенов"даналыққа толы кемем 

Авторы: Әбдіманат Аяулым 2 курс студенті

Іс-шараның қонақтары:
Ж.А.Тәшенев атындағы университетінің Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры  Битұрсын Ғалымжан Шәмшідінұлы, Педагогика және жаратылыстану ғылымдары факультеті деканы Мамыт Амангелді Алтыбайұлы, “Мектепке дейінгі оқыту және психология” кафедрасының меңгерушісі Алимова Құндыз Шайыпқызы, Амандикова Гулазия Илесбекқызы және кафедра оқытушылары қатысты. 
Іс-шара соңын қорытындылап, Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Битұрсын Ғалымжан Шәмшідінұлы, Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары факультеті деканы Мамыт Амангелді Алтыбайұлы сөз сөйлеп алғыс білдірді. Алғыс айту күнін тарихына тоқталып, тәжірибелерімен бөлісіп, Қазақстанды мекендейтін барлық халықтардың игілігі үшін жастарды оқуға және еңбек етуге шақырды.
 

Оқиға категориялары