ЗАЩИТА МОЛОДЕЖИ ОТ СОВРЕМЕННЫХ МОШЕННИЧЕСТВ
- 4 просмотра
2024 жылдың 15 қарашасында Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеттің білім алушылары Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласында ұйымдастыруымен “АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ” тақырыбында өткен Форумға онлайн платформада қатысты. Университет жастары Форум барысында Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы, подполковник Тулеев Арман Жұмабекұлының түсіндірме сөздеріне қанықты. Форумда көтерілген мәселелер бойынша Арман Жұмабекұлы студенттерге қоғамдағы интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерінен сақтанудың жолдарын жете түсіндіріп отырды. Сонымен қатар Форумға қатысқан аталмыш басқарманың Аға жедел уәкілі Жақсыбай Жарылқасын күнделікті тәжірибеде кездесіп жатқан келеңсіз оқиғалардан жастарды сақтандыру мақсатында қаржылық сауаттылықты қалыптастыру негіздерін түсіндіріп өтті.
Форум соңында Ж.А.Тәшенев университетінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Ғалымжан Шәмшідінұлы Битұрсын қонақтарға алғыс білдіріп, жастарды заманауи қоғам дертінен барынша сақтануға шақырды және университет жастарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында университет тарапынан жүйелі жұмыстар атқарылатындығын айтты.
Оқиға категориялары
?База данных "Zan" ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
✅ Анкета "Удовлетворенность студентов организацией научно-исследовательской работы в вузе"
✅ Анкета "Вовлечение преподавателей вуза в научно-исследовательскую работу"
✅ «Удовлетворенность ППС высшим учебным заведением»
✅ «Удовлетворенность студентов результатами обучения»
✅ «Удовлетворенность студентов вузов предоставляемыми им вспомогательными услугами»
✅ Анкета по удовлетворенности работодателя качеством подготовки выпускников