Педагог мамандарды оқушылардың функционалды сауаттылықтарын көтеруге бағыттау маңызы
- 1 просмотр
Конакбаева Улжамал Жандаралиевна
Ж.А. Ташенев университетінің «Бастауыш білім және өнер» факультетінің деканы, PhD докторы Оразов А.О. Мирас университетінің аға оқытушысы
Педагог мамандарды оқушылардың функционалды сауаттылықтарын көтеруге бағыттау маңызы
Қaзіргі әлeмдік білім беру кeңістігіндeгі хaлықaрaлық стaндaрт тaлaптaрынa сaй oқыту үдeрісінің oртaлық тұлғaсы білім aлушы субъeкт, aл oл субьeктінің aлғaн білімінің түпкі нәтижeсі құзірeттіліктeр бoлып бeлгілeнуі білім бeру жүйeсіндe «функциoнaлдық сaуaттылықты» қaлыптaстыру мәсeлeсін нeгізгe aлудың өзeктілігін aрттырып oтыр. Oсығaн oрaй aлғaн білімдeрі нeгізіндe әрeкeт eтугe қaбілeттілік пeн дaярлықты білдірeтін құзірeттeрді қaлыптaстыру үздіксіз білім бeру жүйeсінің мaңызды буыны бoлып сaнaлaтын жaлпы білім бeрeтін oртa мeктeптeрдeгі әрбір пәнді oқытудың дa бaсым бaғыттaрының бірі бoлып тaбылaды.
Сондықтан мақалада педагог мамандарды оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыруға даярлау мәселесі, педагогтардың функционалдық сауаттылығын дамыту деңгейлері және олардың функционалдық сауаттылықтарының мазмұны қарастырылған.
Қазіргі таңда оқытудың жаңа идеяларын әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр.
Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.
Нәтижеге бағдарланған білім беру моделіне көшу жағдайында қазіргі заманғы жалпы орта білім берудің мақсаты оқушылардың таным қабілетін одан әрі дамытуды, алған білімдерін кез келген оқу және өмірлік
жағдайда шығармашылық пайдалануды, өмір бойы өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі басқаруға дайындығын, яғни функционалдық сауаттылықты қалыптастыруды қамтамасыз етуді көздейді.
Функционалдық сауаттылық неғұрлым кең анықтаудағы білім берудің көп жоспарлы адам қызметімен байланысын ықпалдастыратын тұлғаның әлеуметтік бағдарының тәсілі ретінде көрінеді. Қазіргі заманғы, серпінді әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметке белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы оқытуға ықпал ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады.
Функционалдық сауаттылық - бұл мектепте оқу кезінде оқушылар қол жеткізе алатын білімділіктің деңгейі және адамның өмірі мен қызметінің түрлі салаларында үйренген білім негізінде өмірлік міндеттерді шешуге, яғни тұлғаны әлеуметтендіруге қабілетті болуын көздейді.
Білім беру үдерісінің субъектілерінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және дамыту проблемасы Қазақстанның
білім беру жүйесінде ерекше орын алады.
Қазіргі жағдайда өскелең ұрпақты әлеуметтендіру және тиімді бейімдеу үшін оңтайлы және қолайлы жағдайлар жасау бойынша міндеттер жетекші болып табылады. Білім беру процесіндегі оқушы тұлғасының дамуы оның функционалдық сауаттылығының қалыптасуымен байланысты, ол тек қана мектеп салған білім, қарым-қатынас пен іскерлікті ғана емес, сонымен қатар әртүрлі оқу және оқудан тыс жағдайларда жеке тәжірибе алу процесінде функционалдық міндеттер мен күнделікті қажеттіліктерді меңгеру қабілетін қамтиды.
Осыған байланысты жалпы білім беру жүйесіне қойылатын жаңа талаптар жағдайында мұғалімнің құзыреттілігі оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс, бұл тек қана мұғалімнің функционалдық сауаттылық бойынша іргелі білімдерді толық меңгеруін ғана емес, функционалдық сауаттылықты тұтас жүйе ретінде түсіну, оны дамыту оқушылардың субъектілік тәжірибесіне сүйенумен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар коммуникативтік сауаттылық, компьютерлік сауаттылық, экологиялық сауаттылық, экономикалық сауаттылық, құқықтық сауаттылық және т.б. сияқты функционалдық сауаттылықты құрайтын, сондай-ақ оларды қалыптастыру бойынша технологияларды игеру қажеттілігі туындап отыр. Ж.Ташенев университетінің «Бастауыш білім және өнер» факультетінде бірнеше педагогикалық білім беру бағдарламалары бойынша педагог мамандар даярлануда. Білім беру бағдарламалары қазіргі заманғы трендтер мен еңбек нарығының талаптарына, қазіргі заманғы білім берудің даму деңгейіне, өзгеріп отыратын әлеуметтік шындыққа жауап беретін қазіргі заманғы білікті педагог кадрларды даярлауға бағытталған. Білім беру бағдарламаларында көрсетілген жалпыкәсіби және кәсіби құзыреттер мен оқыту нәтижелері педагогтардың еңбек функцияларына сәйкес келеді. Жалпымәдени, жалпыкәсіби және кәсіби құзыреттер soft-skills және hard-skills қалыптастыруға бағытталған. Білім беру бағдарламаларын жобалау және әзірлеу кезінде жұмыс берушілердің білікті кадрлар даярлау жөніндегі басшылығының пайымы мен ұсыныстары міндетті түрде ескеріледі. Білім беру бағдарламаларына енгізілген қағидаттар мен тәсілдер, бағдарламаның мазмұны оқушылардың функционалды сауаттылықтарын қалыптастыруға және практикаға бағытталған білім беруге бағытталған.
Болашақ педагогтың функционалдық сауаттылығы ұғымына біз өмірдің түрлі салаларында әр түрлі міндеттерді шешуге, соның ішінде кәсіби, сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауға, оған барынша тез бейімделуге және жұмыс істеуге қабілеттілікпен сипатталатын білім деңгейін енгіземіз. Демек, осы ұғымды нақтылай отырып, функционалдық сауаттылық – кәсіби және коммуникативтік білімнің, іскерліктің, өзін-өзі білім беру қызметінің дағдыларының, ақпараттық технологияларды меңгеру қабілеттерінің және маманның жеке қасиеттерінің жиынтығы деп есептейміз, ол кәсіби қызметте кәсіби нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда біз педагогтардың функционалдық сауаттылығын дамытудың үш деңгейін қарастырамыз: тұлғалық, тұлғалық-кәсіби және кәсіби-технологиялық.
Функционалдық сауаттылықтың тұлғалық деңгейі нақты адам қызметінің кез келген түрін орындауға жарамдылығынан көрінеді. Ол әлем үйлесім заңы бойынша құрылған деп болжайтын ойлаудың оң әдісімен байланысты. Педагогтың басқа маңызды тұлғалық сапасы өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті қабылдай отырып, өз қызметін барабар бағалай білу және өзін-өзі бақылауды жүзеге асыра білу болып табылады.
Тұлғалық-кәсіби деңгей - педагогикалық қызметті орындауға жарамдылығы. Ол білім беру үдерісін жүзеге асыру қызметі болып табылады. Кәсіби даму мұғалімнің жеке тұлғасын өзін-өзі жүзеге асыруының, барлық білім беру субъектілерінің өзара іс-қимылын ретке келтіру, оқушыларды дамыту, тәрбиелеу және оқытуды қамтамасыз ету іскерлігінің табиғи нысаны болып табылады.
Кәсіби-технологиялық деңгей - оқушылардың дамуына бағытталған қызметтің таңдап алынған түрінде білімдерді, дағдыларды, қазіргі заманғы білім беру және ақпараттық технологияларды толық меңгеру.
Өзекті әлеуметтік жағдайға қатысты педагогтың функционалдық сауаттылығының мынадай негізгі белгілерін бөліп көрсетуге болады: үздіксіз білім беруге, қазіргі заманғы ақпараттық және білім беру технологияларын меңгеруге дайындық, кәсіби салада туындайтын проблемалардың едәуір бөлігін_ дербес шешуге, өз міндеттері мен құқықтарын қорғауға қабілеттілік. Қазіргі әлемдегі өмірге дайындық, оның мәселелеріне, құндылықтарына, адамгершілік нормаларына бағдар беру, өзінің рухани сұраныстарын қанағаттандыру және дамыту үшін мүмкіндіктерге бағдарлану, әлемнің ғылыми түсінігіне бағдарлану, сыни және шығармашылық ойлауға ие болу, әр түрлі ортадағы коммуникативтік іс-әрекетке қабілеттілік, ашық, сенімді және сауатты сөйлеуге ие болу.
Көптеген зерттеушілер білім беру мекемелерінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үдерісінің ұйымдастырылуы мен мазмұнымен байланысты түрлі қиындықтарды атап өтеді.
Әсіресе, көптеген мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігінің төмен деңгейін еңсеру проблемасын шешу маңызды болып табылады.
Бұл мұғалімдер оқуға дәстүрлі көзқарасты ұстанушы болып қала береді және осыған орай, қазіргі кезеңде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру проблемасын тиімді шеше алмайды, ол белгісіздік, бірқалыпты, қарама-қайшы, ақпараттың жеткіліксіз сенімділігі, баламалы көзқарастың болуы, тұрмыс жағдайынан оның математикалық немесе жаратылыстану-ғылыми моделіне көшу қажеттілігі сияқты ұғымдармен операция жасауды талап етеді.
Функционалдық сауаттылық әр мектеп пәнінің негізінде қалыптасады. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның қалыптасуын тексеру құралы шығармашылық сипаттағы тапсырмалар, зерттеу жұмыстарына бейімделген тапсырмалар, экономикалық, тарихи мазмұндағы тапсырмалар, тәжірибеге бағытталған тапсырмалар және т.б. болып табылады.
Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, тұлғаның мектепте алған білімі, білігі мен дағдысын адамзат қызметінің әртүрлі саласында, сонымен бірге тұлғааралық қатынастар мен әлеуметтік байланыстарда кездесетін тіршілік міндеттерін жан-жақты шеше білу қабілеті ретінде түсіндіріледі.
Функционалды сауатты тұлғаны тәрбиелеу мен дамытуға қоғамның қазіргі заманғы талаптары мен әлеуметтік тапсырысы осы проблемаларды шешуге және зерттеу нәтижелерін тікелей педагогикалық кадрларды даярлау мен біліктілігін арттыру үдерісіне енгізуге бағытталған педагогикалық зерттеулердің ерекше өзектілігін анықтайды.
Сондықтан да бүгінгі күні Ташенев университетінде біздің қоғамда проблемаларды шеше алатын, шешім қабылдайтын, сындарлы ойлайтын, идеялар мен өнімді пікір ұсына алатын және командада, топтарда тиімді жұмыс істейтін икемді, креативті және бастамашылық қабілеті бар мамандар даярланып жатыр. Пән мұғалімдерінің функционалдық құзыреттілігін арттыру бойынша проблеманы шешудің басым бағыттарының бірі педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламаларының мазмұны болып табылады, өйткені оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша қазіргі заманғы жалпы орта мектептің мақсаты мен міндеттерін толыққанды іске асыруға құзыретті педагогтар қажет екені айдан анық.
Адамдардың өмір бойы білім алуын оңтайландыру үшін жастардың жеке қабілетін жан-жақты дамытып, оларға жан-жақты білім беру шеңберінде тиімді ойлау қабілетін сіңіру қажет екені сөзсіз.
Конакбаева Улжамал Жандаралиевна
Ж.А. Ташенев университетінің «Бастауыш білім және өнер» факультетінің деканы, PhD докторы
Оразов А.О. Мирас университетінің аға оқытушысы
Оқиға категориялары
?База данных "Zan" ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
✅ Анкета "Удовлетворенность студентов организацией научно-исследовательской работы в вузе"
✅ Анкета "Вовлечение преподавателей вуза в научно-исследовательскую работу"
✅ «Удовлетворенность ППС высшим учебным заведением»
✅ «Удовлетворенность студентов результатами обучения»
✅ «Удовлетворенность студентов вузов предоставляемыми им вспомогательными услугами»
✅ Анкета по удовлетворенности работодателя качеством подготовки выпускников
Добавить комментарий