Новые изменения в образовании молодежи

Egemen Qazaqstan

Ссылка: https://egemen.kz/article/356938-zhastar-tarbiesindegi-tynh-ozgerister?fbclid=IwAR06SKNcuAhTtwDSKX1JQhiQ37ZJO-L3Cvr9waOJ-_VXyRLM7UBbsVX6J0Q

«Тәрбие тал бесіктен» деп, адам бойындағы қадір-қасиетті шарана сәби сәтінен қалыптастыру әдебін алға тартқан халықтың бірі – қазақ халқы. Халқымыз өз кезегінде бала бойына тәлім-тәрбие құндылықтарын жастайынан сіңдіру арқылы ұлтымыздың тұтастығы мен тектілігін сақтай білген. Қазақ халқында «тәрбиесіз» деген сөз ең ауыр ұғым болып қабылданады. Осы тұста әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу-Насыр әл-Фараби бабамыздың да тәрбиесіз берілген білімнің адам баласы үшін қайырымсыз екенін алға тартып өткені еріксіз ойға оралады.
Қазіргі жаһандану үрдісін жіті бақылап отырған Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың тікелей қолға алуымен жаңа Қазақстанның жарқын болашағын жалынды жастардың үлес салмағымен құру үшін нақты қадамдар мен кешенді бағдарламалар жүзеге асырылуда. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа арнаған әр Жолдауында, Үкіметтің кеңейтілген отырыстарында, кездесулерде жастар тәрбиесін жүйелеу, білім берудің әлемдік стандарттарын қамту, оларды білім алумен қатар еңбекке тарту мәселесін алға тартып, назарынан тыс қалдырған емес. Президент 2024 жылдың 3 қаңтарында қазақ баспасөзі «Egemen Qazaqstan» газетіне берген ауқымды сұхбатында өз сөзін қорытындылай келе: «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» деді. Бұл қазақстандықтар үшін әрбір азамат өз елінің патриоты ретінде ортақ отанымыздың гүлденуіне өз үлесін қосуы тиіс, орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін тал шыбықтай буыны қатпаған өскелең жастарға терең тәлім беруді жүктейді.
Мемлекетіміздің стратегиялық даму жоспарын сай, жаңа 2024 жылдың алғашқы жұмыс күні ҚР ҒжЖБ министрлігі жастар тәрбиесіне тың өзгерістер алып келетін, талантты жастарға жаңа мүмкіндіктер беретін жаңа әдістемелік Нұсқаулықтарды бекітті. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбектің 2024 жылғы 4 қаңтардағы №2 бұйрығымен бекітілген «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушыларының интегралдық, оның ішінде әлеуметтік GPA енгізу бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» әдістемелік Нұсқаулық еліміздегі ЖОО-нда білім алып жатқан белсенді және талантты жастардың әлеуметтік дәрежесін айқындайтын маңызды құжат болып табылады.
Аталмыш Нұсқаулық Қазақстанның білім беру жүйесіне оң әсер етіп, жастардың сабақтан бос уақытында ғылыммен, өнермен, спортпен айналысып, түрлі қоғамдық жұмыстарға белсене араласуына жол ашады. Сабақтан бос уақытында осы мақсатта еңбек етіп, нәтиже көрсеткен жастардың академиялық ведомстарына академиялық GPA балдарынан бөлек, әлеуметтік GPA балл қойылатын болады. Әлеуметтік GPA балл студенттің бойындағы табиғи дарыны мен талантын бағалаушы көрсеткіш ретінде білім алушының академиялық ведомстарына және дипломына жазылатын болады. Бұл бағалау үрдісі еліміздің білім беру жүйесіне еніп отырған жаңа бағалау үрдісі ретінде Жұмабек Тәшенев атындағы университетте кафедра мәжілістерінде, факультет кеңестерінде және Ғылыми кеңес отырысында кеңінен таныстырылды. Университетіміздің білім алушы жастары мен Студенттік өзін-өзі басқару құрамының мүшелері жаңа бағалау жүйесін ерекше қуанышпен қабылдады. «Ел іші өнер кеніші» дегендей, жоғары оқу орындарының қабырғасында талантты да дарынды жастар жетерлік. Бұл жаңа жүйе табиғи дарыны бар талантты жастардың тез танылып, елімізге қызмет ететін танымал тұлғаларға айналуына өз септігін тигізетін тың өзгерістердің бірі болып отыр.
Білім алушылар үшін тағы бір қуанарлық жәйт, салалық министрлік жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында жоғары оқу орындарындағы олимпиадалық спорт түрлерімен айналысатын студенттік  командалардың тізімін алуда. Бұл дегеніміз, түрлі спорттық жарыстарға кететін іс-сапар, жол-қаражат шығындары сияқты қордаланған мәселелердің түйіні шешіледі деген үмітімізді арттырып отыр.
Бүгінгі таңда 35 білім беру бағдарламасы бойынша бакалавриат, 8 білім беру бағдарламасы бойынша магистратура бағытында мамандар дайындап отырған университетіміздің басты миссиясы – білім алушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруға бейімделу. Университеттің негізін қалаушы, Директорлар кеңесінің төрағасы, ҚР ҰҒА академигі, п.ғ.д., профессор Оңалбай Аяшевтің: «Университетте академиялық адалдық ережелері барынша сақталуы тиіс. Студенттерге университет әкімшілігі және профессор-оқытушылар құрамы айрықша қамқорлық танытуы керек. Студент университеттегі басты тұлғаға айналуы қажет. Сонда ғана университеттің имиджі қалыптасады» деген ұстанымы білім беру ұйымының басты қағидасына айналған.
 
Битұрсын Ғалымжан Шәмшідінұлы,
Ж.А. Тәшенев университетінің әлеуметтік және тәрбие ісітері жөніндегі проректоры,
Ұлттық Заң академиясының корреспондент мүшесі

 

Теги:

Добавить комментарий

Ограниченный HTML

  • Допустимые HTML-теги: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Строки и абзацы переносятся автоматически.
  • Адреса веб-страниц и email-адреса преобразовываются в ссылки автоматически.