Мырзашөлдегі жоғары оқу орны - болашақ мамандардың мекені

7СЫР. Республикалық қоғамдық-саяси газет. Қараша №45 (484) 23.11.2018 жыл (4, 5 бет)

1998 жыл. Тәуелсіздіктің елең - алаң шағы. Еліміз әлі еңсе тіктеи қоймаған, халықтың нарықтық қатынасқа ұйренісе алмай отырған кезі. Сонау Оңтүстіктің қиыр шетінде, шекараның шебінде орын төпкен Мақтаарал ауданының жастары үшін де жоғары білім алып, маман атану оңайға сокпайтын. Ірі қалаларға апаратын жолдың шалғайлығы, елмен тікелей байланыстың болмауы едәуір қиындық тудыратын. Себебі, ол кезде әлі Сырдария өзенінің үстінен көпір салынбаған еді. Оның үстіне бұны барша халықтың әлеуметтік жағдайы, тұрмысы көтере бермейтін.

         Сондықтан, аудан жастарына жоғары білім беретін оқу орыны Сырдың суындай аса қажет еді. Міне, осындай қиын-қыстау сәтте мақтааралдық жастардың болашағына алаңдаған педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒ академиясының корреспондент-мүшесі, 2004-2007 жылдары ҚР Парламенті мәжілісінің III шақырылымының депутаты, бүгінгі таңда Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, ОҚМПУ ректоры Оңалбай Аяшев жолында кездескен көптеген қиындықтарға карамастан сол жылдың 27 шілдесінде "Сырдария" университетінің негізін қалады.

         Өйткені, ол өңір жастары үшін жоғары білім беретін оқу орнының ауадай қажет екенін терең сезіңді, түсінді. Міне, содан бері 20 жыл уақыт зуылдап өте шығыпты. Биыл іргелі оқу ордасы өзінің 20 жылдық мерекесін атап өтуде. Ал, университеттің Сыр өзенімен аттас болуының өзіндік сыры, өзіндік мені бар, дейді тарихшылар.

         Бастапқыда небәрі 200 студентпен алға қарай адымдаған оқу орнына біршама қиындықтарды еңсеруге тура келді. Оқуға қажетті әдістемелік құралдардың жетіспеуі, білікті маман тапшылығы, оқу ғимараттардың қажеттілігі, материалдық-техникалық базасының төмендігі сынды мәселелер кесе-көлденең тұрды. Алайда, білім теңізінде дұрыс бағытта желкен кере білгем оқу орны қарсы кез келген дауылға төтеп беріп, жыл өткен сайын жаңа сатыға, көкжиекке карай өрлей берді. Жиырма жылдағы жетістік жетіп артылады.

         Бәрін жоқтан бастау оңай болған жоқ. Елден тым шалғайда, шағын ғана қалада орналасқанымен, мақсаты биік білім ордасын алда асқар асулар мен белестер күтіп тұрды. 2005 жылдың алғашқы білім күнінде университет шаңырағына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі арнайы келіп. «Химия жене биология» факультетіне қарасты жаңа оқу ғимаратының ашылу салтанатына қатысуы тегін емес. Елбасы осы сапарында оку ордасынын Мырзашөл өңірінің жастары үшін маңызы зор екенін ерекше атап откен болатын.

         Өзінің жиырма жылдық тарихында оқу орнын тек қана алға жетелеп, жетістікке жеткізген, университет басында болған басшылар мен ұстаздардың сіңірген еңбегі өлшеусіз. Осы орайда, университет құрылтайшысы Сейілова Есенгүл Сейілқызының табандылығы мен қайсарлығын ерекше атап өткен жөн. Оның қажырлы еңбегінің арқасында оқу орны бүгінгі дәрежесіне көтерілді. Ерен еңбек еш кеткен жоқ. Оған 2008 жылы Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы атағы берілді. 2009 жылы педагогика саласындағы табыстары үшін ҚР Білім және Ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атын- дағы төсбелгісімен марапаттады.

         «Сырдария» универиситетін әр жылдары бірқатар біпікті басшылар басқарды. Жиырма жылда университетке 6 ректор жетекшілік еткен екен. Ал. олардың қолтаңбасы әр жылдары аудан мен университет өмірінің айшықты сәттерінде көрініс беріп отырды.

         Оқу орнының тұңғыш ректоры, химия ғылымдарының кандидаты, доцент Өмірзақ Алтаев болды. Ал, одан кейін бұл қызметке химия ғылымдарының докторы, профессор Тұртабаев Сарсенбек Қойшыбайұлы келді. Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Бердышев Әбдімәулен Сүлейменұлы да осы қызметті абыроймен атқар- ғандардың бірі. Ал араға уақыт салып, ҚР Жаратылыстану ғылыми академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Әшіров Әбдімәлік Манапұлы алмастырды. Талайға тағылым берген тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Мамраимов Серік Дәулетұлының басшылық кызметте білім ордасына сіңірген еңбегі мол. Қазіргі уақытта педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, ұлағагты ұстаз Дайырбеков Серік Сансызбайұлы «Сырдария» атаулы білім кемесін одан әрі басқарумен келеді.

         Заман ағымына ілісе білу - бүгінгі күннің басты талабы. Соңдықтан да, ақпараттық ағынның жаңару жылдамдығы және оқытудын кредиттік жұиесі университеттегі оқу-әдістемелік процесті ұйымдастыруды түбегейлі қайта құруды қажет етті. Осы талап үдесінен 2004-2012 жылдар аралығында университеттің Оқу істері жөніндегі проректоры қызметін атқарған тәжірибелі ұстаз, білікті химик, талапшыл ұйымдастырушы, химия ғылымдарының кандидаты, доцент Мадыханова Құндыз Сейілқызы шыға білді.

         Жоғары оқу орны үшін жаңа белес жиырма бірінші ғасырдан бастау алды, мәселен оқу орны 2001, 2006, 2011 жылдары ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің Мемлекеттік аттестациясынан, ал 2007, 2010, 2012 жылдары Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары сақталуының тексеруінен өтті. 2010, 2013, 2016 және 2018 жылдары Түрік стандарттар институтының сертификаттарына ие болды. Сонымен қатар Оқу ордасы алғашқылардың бірі болып 2015-2017 жылдары институционалды және бакалавриат жүйесі бойынша 21 мамандық, магистратура бойынша 8 мамандық ұлттық аккредиттеуден сәтті өтті. Ал, жеке жетістіктері өз алдына бір бөлек. Бұл 2008 жылы «Парыз» Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің марапатына ие болғаны. 2015 жылы Ұлттық БИЗНЕС-РЕЙТИНГ одағының «Сала көшбасшысы» марапатына ие болды. Білім берудің сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінін Қазакстанның үздік көпсалалы ЖОО 2018 жылғы ұлттық рейтингісінде "Сырдария" университеті 20-орынға тұрақтады. Жиырма жылда жиырмасыншы орынды иелену сөз жоқ жоғары нәтиже деуіміз керек.

         Ал, 2017 жыл тарихта тағы бір із қалдырды, Ол сол жылдың ағымдағы 6 қыркүйегінде «Сырдария» университетінің Жетісай көпсалалы колледжі ашылып. «Техникалық және кәсіптік білім берегін» 8 мамандық бойынша біліктілік лицензиясына ие болды.

         Білім мен ғылым - ажырамас сала. Ғылымдағы жетістік, оқу орнының кашанда мерейін үстем етпек. Сондықтан, мұнда ғылыммен шұғылдануға, тың жаңалықтар ашуға барлық колайлы жағдайлар жасалған. Бұған дәлел, 2010 жылы тамыз айында «Сырдария» университетінің «Химия жене биология» факультеті жанынан Инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ашылуы. Аталмыш орталық университеттің оқу-ғылыми құрылымдық бөлімі болып саналады. Инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы 2016 жылы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының аккредиттеу аттестатын иеленді.

         Сондай-ақ. аталмыш орталықта екі химиялық зертхана қайта құрылып, Бактериологиялық зертханаға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен 21 ақпан 2018 жылы берілген рұқсат қағазының шешімі алынды. Онда Мақтаарал ауданы елді мекендерінің ауыз су, ағын су, жерасты суларының химиялық құрамына және бактериологиялық ғылыми-зерттеу, сапалық жене сандық сараптама жасалынады.

         Университет ғалымдары қол жеткізген ірі табыстың бірі - тағы бір жетістікті ерекше атап өткен жөн. Жетісай қаласынан 30 шақырым солтүстік-шығыста табылған, алдын мүлдем зерттелінбеген, Ортағасырлық «Үтіртөбе», «Күлтөбе» қалаларына университеттің қаржыландыруымен 2004 жылдан бастап «Тарих» кафедрасының профессор-оқытушылары мен студенттерінен құралған "Мырзашөл" археологиялық экспедициясының зерттеу жұмыстарын жүргізуі жене оны ғылыми айналымға енгізуі еді. Зерттеуді "Археолог" Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының директоры, т.ғ.д., профессор М. Елеуов басқарды. Нәтижелері ғылыми конференцияларда баяндалып, ғылыми басылымдарда жарияланды. Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде 2004 жылы университетте музей ашылды. Музейдің экспонаты қазба жұмыстарының табылған жәдігерлермен жыл сайын артып, көлемі ұлғайып келеді. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі 2005 жылы «Сырдария» университетіне келгенде, мұражай жұмысына жоғары бағасын берген еді. Қазіргі таңда университет музейі 2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының туристік маршрутына енді.

         Оқу ордасының ғалымдары бағындырған белес мұнымен шектелмейді. Оның дәлелі. 2013 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын экономика ғылымдарының докторы, профессор Бегім Серіков, ал 2017 жылғы педагогика ғылымдарының докторы, профессор Мұсабекова Гүлнар Тәжібайқызының жеңіп алуы.

         Университетте мақтан тұтарлық жас ғалымдар жетерлік. "Жас ғалымдар" Кеңесі және 18 студенттік ғылыми үйірме жұмыс жасайды.

         Мұнда студенттер эксперименттерді жүргізу дағдыларын, алынған нәтижелерді өңдеуді, лабораториялық құрылымдар мен окытудың техникалық құралдарын, жобалауды және даярлауды меңгереді.

         Сонымен қатар түрлі ғылыми жобалар мен сайыстар, олимпиада, конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді.

         Шалғайдағы университет екі онжылдықтың ішінде халыкаралық дәрежеге шығып үлгерді. Себебі, стратегиялық дамудың басты бағыттарының бірі - білім мен ғылымның әлемдік жүйесіне ену еді. Бұл ретте алыс-жақын шетелдің ЖОО-мен байланысты нығайту мақсатында халықаралық Erasmus+ және Мевлана бағдарламалары аясында беделді университеттерімен академиялық алмасуды іске асыратын келісім-шарттар жасалды. Ал, Латвия, Венгрия, Түркия, Ресей, Кыргызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдері арасында академиялық тығыз байланыс орнатылған.

         Мәселен, 2012 жылы Венгрия Республикасының Дэндэш қаласының мэрі Ласло Фараго бастаған делегация, 2013 жылы Франция Республикасы Парламентінің сенаторы, әлемдік деңгейдегі қайраткер Эмире де Монтескю, Кембридж университетінің профессоры Сидхардт Саксена, Германиялық профессор, тарих ғылымдарының докторы Вальтер Фрейзен, Венгрияның Қазақстандағы Өкілетті елшісі Андраш Баррани, РФ Қаржы Университетінің профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Бари Галымович Хаиров, Тәжікстан Республикасы, Пенджикент қаласындағы Тәжік педагогикалық институтының ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Ансоров Муаззом Кудродзото университетімізде болып, маңызды шешімдерге қол жеткізді.

         Соның бір көрінісі - Университеттің 20 жылдығына орай 2017 жылдың 14 қазанында өткен I халықаралық форум, Ресей, Тәжікстан және еліміздегі жоғары оқу орындары басшыларының басын косқан «Болашақтағы білім беру» атты жиында оқу үдерісіндегі өзекті мәселелер сөз болып, ортақ меморандумға қол қойылуы болды.

         "Сырдария" университеті - ұлы тұлғалардың табаны тиген киелі орда. Елімізге танымал жандар, атап айтқанда, қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров, Бейжің олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев, түркітанушы, казак әдебиеті тарихын зерттеуші ғалымдар, филолиогия ғылымдарының докторлары Рақманқұл Бердібай, Мырзатай Жолдасбеков, Құлбек Ергөбек, жазушы Дүкенбай Досжан, ҚР-ның мәдениет кайраткері, талантты актер Сәбит Оразбаев, «Егемен Казахстан» газетінің бас редакторы Сауытбек Әбдірахманов, жазушы Мархабат Байғұт сынды азаматтар университетімізге келіп, студенттермен кездесу өткізіп, өздерінің жүрек жарды тілектерін білдіруі тегін емес.

         20 жылдың ішінде университет кафедралары жұмыс берушілердің қатысуымен дөңгелек үстелдср өткізді. Дәстүрлі түрде «Бос орындар жәрмеңкесі», «Ашық есік» күндерін өткізу барысында студенттер мекеме өкілдерімен бетпе-бет сөйлесіп, ақпарат алу мүмкіндігіне ие болды. Осылайша оқу ордасы шалғайда орналаскан елді- мекендердің жастарын білімге тартып, түлектерін мақталы аймақтың элитасына айналдырды. Олай дейтініміз, «Сырдария» университеты 1998-2017 жылдар аралығында 12353 студент бітірсе, оның 2175-і бүгінде ауданымыздың білім беру мекемелерінде табысты кызмет етуде. Ал, «Сырдария» университеті түлектерінің Қауымдастығы іскерлік топтармен ынтымақтастық жасауда маңызды қолдау көрсетіп, оқу ордасымен байланысты үзген емес.

         Бір кездері небәрі 2 факультетте 200 шәкіртпен бастаған білім ордасында бүгінгі таңда 3 мыңға жуық білімгерлер оқу үстінде. 28 бакалавриат және 10 магистратура мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүзеге асырады. Барлық мамандықтарда 3 тілде білім беру жүйесі жолға қойылған. Сонымен катар білімгерлерге жеңілдіктер карастырылған. Атап айтсак, мектеп бітірушілеріне арналған пәндік олимпиада жеңімпаздарына университет стипендиясы, белсенді студенттерге және әлеуметтік жағдайларына байланысты білімгерлерге оку акысына жеңілдіктер де карастырылған, Сондай-ақ, білім ордасында кызмет атқаратын профессор-оқытушылардың әлеуеті жылдан-жылға артуда. Қазіргі таңда 54% құрайды, 200-ге жуык профессор-окытушылардың 10-ы ғылым докторы, 78-і ғылым кандидаты, 5-і философия докторы (PhD), 64-і ғылым магистрі.

         Жоғарғы оку орны жиырма жылда жаңаша түрленді, өрге басты, өрісі кеңейді. Қазіргі таңда оның жалпы көлемі 12432 шаршы метрді кұрайды. Төрт оқу ғимараты, 500 орындық «Казақстан» студенттер сарайы және 320 орынға арналған «Студенттер үйі», Инновациялык ғылыми зерттеу орталығы бар.

         Сонымен бірге, университет кұрамында ірілендірілген 4 факультет, 11 кафедра, Экологиялык ғылыми-зерттеу зертханасы, бөлімдер, көпсалалы Жетісай колледжі, мұрағат, медициналық қызмет, 4 кітапхана, т.б. кызмет атқарады.

         Заман ағымына сай, «Бағдарламалык камтамасыз ету» кафедрасына қарасты Робототехника зертханасы жұмыс жасайды. Мұнда түрлі робот машиналары. Піл, Тұс сараптаушы, Кран робот машиналары құрастырылуда. Сонымен қатар, физикалык оку лабораториясы, лингафон және криминалистика кабинеттері мен Психологиялық кеңес беру орталығы заманауи кұрал жабдықтармен жабдыкталған. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен машықтануына жене оқу-тәжірибелік эксперименттерді жүргізуіне жылыжай және оранжерея бағы ұйымдастырылған. Университетте заманауи кітапхана қалыптастыру үшін «Кабис» лицензияланған бағдарламасы енгізілді.

Жиырма жылда жастар саясатын жүзеге асыруда жастардың өзін-өзі басқару жүйесі жолға қойылған. Оған дәлел, 2017 жылы 28 ақпаңда өткен I облыстык жастар форумы мен 2018 жылдың 2, 3 қазан күндері өткен «Жаңа әлем жастары» атты Республикалык жастар форумы. Форумда «Алтын қорға» кадрлық резервті жасақтау максатында оку семинарлары мен тренингтер өтті. Оған облысымыздағы ЖОО-ның үздік бітірушілері мен белсенді студенттері қатысты. Ал, оның төрағасы университеттің студенттік ректоры, «Жас Отан» жастар канаты VI съезінің делегаты Бектеміс Мейірхан. Сонымен қатар, «Елбасы серіктестігі» еріктілер коғамы да бар. Ал, осының бәрімен бірге рухани - мәдени тәрбиеге де аса мән беріледі.

         Сондай-ақ, оқу ордасы аз уақыттың ішінде республикалық демгейде өзін көрсете білді. Оған делел «Сырдария кұрамасы» Жайдарман тобы оқу орнының ғана емес, аудан абыройын асырып, мерейін үстем етіп жүр. 2013 жылы Алматы ашык лигасының жеңімпазы, 2014 жылы Республикалық Премьер Лига ойындарынын чемпионы. 2015 жылы Республикалык Жоғарғы Лига ойындарынын 3-орын иеіері, 2016 жылы Республикалык Жоғарғы Лига оиындарының 2-орын иегері, 2017 жылдың корытындысы бойынша Республикалык Жоғарғы Лига ойындарының 1-орын, яғни чемпионы атанғанын мақтанышпен айта аламыз.

         Сырдария жастары өнерден де кенде емес. Елімізге белгілі композитор, профессор Бөрі Исаның жетекшілік ететін «Жетісай сазы» ұлт аспаптар оркестрі, хор, «Назерке» бишілер тобы ауданда өтетін барлык мәдени іс-шараларға белсенді қатысады.

         Салауатты өмір салтын берік ұстанататын студенттер спорттык ойындардан көптеген республикалык, облыстык, аудандык жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды олжалап қайтуда.

         Мұндағы студенттік-шығармашылык Үйірмелердің саны 20-дан асады. Осы жылы оқу орнының 20 жылдык мерейтойына орай «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының жанынан «Сыр сандык» студенттік театры мен «Көркем әдебиет» орталығының ашылуын университеттің мәдени жетістігі деп атауға әбден болады.

         Кәсіби құзірет тілік, жауапкершілік, өзін-өзі ұйымдастыру мен өзін-өзі дамытуға септігін тигізетін мемлекеттік мерекелермен қоса, «Күзгі бал», «Сырдария аруы», «Жігіт сұлтаны», «Ән мен әнші», «Сән және ән шеруі», «Екі жұлдыз». Ш.Калдаяков, М.Макатаевтің, М.Өуезовіың шығармашылық кештері дәстүрлі түрде өтеді.

         Университет студенттері танымдық эскурсияға жиі барады: Былтыр ғана халықаралык ЭКСПО-17 көрмесін тамашалап. Шымкент каласының танымдық мұражайында болып қайтты. Студенттер жыл сайын катысатын салауатты өмір салтын қолдауға бағытталған «Көктемгі кросс», "Денсаулық" фестивалі, «Сергектік пен денсаулык» атты спартакиадалар дәстүрге айналған.

         Ия, жиырма жылда жаркын сәттердің куәсі болған ұстаздар мен шәкірттер алда тұрған аскар асуларды абыроймен бағындыратынына еш күмән жок.

         Бастысы, мактааралдыктар алдындағы маңызды миссия орындалды, алысқа аттанбай Сыр бойындағы «Сырдарияның» білімімен сусындаған түлектер туған ел үшін аянбай еңбек етіп келеді. Акталған үміт, орындалған арман деген осы болар.

 

Нұржамал ТЛЕНЧИЕВА, “Сырдария" университетінің тәрбие және әлеуметтік мәсәләләр жөніндәгі проректоры

Жаңа пікірді жазу

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.

Оқиға категориялары