«Кітапханаға кітап сыйла» атты акциясы

Ж.А.Тәшенев университетінің Ақпараттық білім беру орталығында «Кітапханаға кітап сыйла» атты акциясы жалғасуда.  
Университет оқытушы-профессор құрамы кітапхананың кітап қорына үлес қосуда белсенділік танытуда. «Тілдер және әдебиет» кафедрасының меңгерушісі З.Т. Жантасова  прозалық кітабын және оқу құралдарын кітапханаға сыйлады.
 

Тарих сағаты

Тарих және география кафедрасының аға оқытушысы Турумбетова Г.А. ұйымдастыруымен XX ғасыр басындағы ірі саяси тұлға, көрнекті қоғам қайраткері, теміржол инженері, тарихшы Мұхамеджан Тынышбаевтың туғанына 145 жыл толуына орай №2 кітапхана бөлімшесі Ж.А.Тәшенов атындағы университетпен бірлесіп «Ғұмырдан да ұзақ жол» атты тарихи сағат ұйымдастырды.

«Кітапханаға кітап сыйла» атты акция апталығы

2024 жылдың 15 мамыр күні «IT, экономика және құқық»  факультеті, «Экономика және құқық»  кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен, Ақпараттық білім беру орталығында «Кітапханаға кітап сыйла» атты акция -  апталығын өткізді.  
«Экономика және құқық» кафедрасы бірінші ашылу қадамын бастады.

Кітап-ғылым, ол бүкіл адам баласына ортақ. 
Кітап-ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы.
Кітап-ақылдың кені. 
Кітап -бар білімнің мен ғылымның бастауы.

Ғылыми жобаны дайындау бойынша әдістемелік семинар өтті

Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеттің 2024 жылдың 15 мамырында №5 Оқу-әдістемелік кеңес аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің PhD қауымдастырылған профессоры, Өмірбекова Ақерке Нұрланбекқызы және PhD аға оқытушы Советканова Дамира Маратқызының «Өзін-өзі дамыту - болашақта сұраныс» тақырыбында және оқытушы-профессорлар құрамы мен жас ғалымдар, магистранттардың қатысуымен  әдістемелік семинар өтілді.

Спорттағы жетістіктері

Мамыр айының 11-12 күндері аралығында Тәжікстан Республикасының Худжанд қаласында, каратэдодан ересектер арасында Азия ойындары болып өтті. Осы бір спорт додасында Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан Республикаларынан жүздеген спортшылар бақ сынасты.

ЭССЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Жұмабек Ахметұлы Тәшенев университеті «Тілдер мен әдебиет» кафедрасы мектеп оқушыларына «Тау тұлғалы Тәшенев» атты эссе байқауын ұйымдастырды. 
Байқаудың мақсаты: 
- Оқушыларды көшбасшылық идеяларын қалыптастыруға, жеке тұлғаның қалыптасуындағы рухани құндылықтарды дамытуда ұлттық мәдениет, тіл мен діл мәселелерін құрметтеуге баулу мақсатында. 
-оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға атсалысу; ойды нақты және сауатты жеткізе білуге баулу;
-қабілетті, дарынды оқушыларды анықтау және марапаттау.

Хабарландыру

 Құрметті әріптестер!

Сіздерді елге танымал ұстаз, әдебиеттанушы ғалым Ләззат Усманқызының мерейлі жасына орай ұйымдастырылған «Жан қалауын ұлықтап...» атты дөңгелек үстелге  шақырамыз. 

Дөңгелек үстел 16 мамыр күні, сағат 11.00-де университеттің 414  конференц-залында  өтеді. 

Ұйымдастырушы:  «Тілдер және әдебиет»  кафедрасы
 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2024 жылғы 13 мамырдағы  № 454 бұйрығымен Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетінің доценті,  химия ғылымдарының кандидаты, 2014 жылғы «Үздік университет оқытушысы» Джанпаизова Василя Мирзахмедовнаға 20500 – Материалдық инженерия ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілгенімен шын жүректен құттықтаймыз!

Хабарландыру

Ж.Тәшенев атындағы университет жанындағы Біліктілікті арттыру институты 13.05.2024 - 25.05.2024 аралығында университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру курстарын өткізеді.
Біліктілікті арттыру халықаралық курсының мақсаты – мұғалімдерде базалық дағдылар деңгейін қалыптастыру және жасанды интеллектті оқытуда практикалық қолдану мақсатында жасанды интеллект құралдарын меңгеру.
Курстың авторы және әзірлеушісі: Сәдуақас Арыстан Найманбайұлы