“ONTUSTIK” телеарнасына сұхбат

Бүгін университетіміздің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Ғалымжан Шәмшідінұлы Битұрсын “ONTUSTIK” телеарнасы “Көзқарас” бағдарламасында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясындағы тапсырмаларын орындауға арналған сұхбатқа қатысып, өз пікірін білдірді. Сұхбат барысында проректор Ғ.Битұрсын
Мемлекет басшысы көтерген мәселелердің жоғары оқу орындарында жүйелі түрде іске асып жатқандығын, сонымен қатар нақты талаптарды бекіту керектігін тілге тиек етті.