"Дене тәрбиесі және дизайн" факультеті

Мырзабек Лесбек Әліпұлы

факультет деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

✉ E-mail: f-dt-dizain@tashenov.edu.kz
✆ Ұялы телефон: 8702-344-26-15


Қазіргі таңда факультеті Мырзабек Лесбек Әліпұлы басқаруда. Мырзабек Лесбек Әліпұлы 1952 жылы 11 қазанда ОҚО Мақтаарал ауданында дүниеге келді. 1973 жылы Алматы қаласы Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі және спорт институтына түсіп,1977 жылы «Дене тәрбиесі және спорт» мұғалімі мамандығын бітірген. 1971-1972 жылдары Қызылорда облысында, Жаңақорған ауданындағы №3 Келінтөбе орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі қызметінен бастады. 1977-1996 ж.ж. аралығында Жетісай Гуманитарлық педагогикалық колледжінде дене шынықтыру пәнінің оқытушысы болып жұмыс істеген. 1996–1998 ж.ж. аралығында Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ Жетісай бөлімшесінде дене шынықтыру пәнінің оқытушысы қызметін атқарды. 1998–2012 ж.ж. аралығында "Сырдария" университетінде "Дене шынықтыру және спорт" кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істеген. 1999-2007 ж.ж. аралығында университеттің "Сырттай оқу" факультетінде деканы қызметін атқарды. Мырзабек Лесбек Әліпұлы педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, үш ғылыми еңбектің авторы, 15-ке жуық ғылыми мақалалары халықаралық ғылыми-теориялық конференцияларда, мерзімді басылымдарда жарияланған.


Факультетте қарасты 2 кафедра жұмыс істейді: "Дене шынықтыру және спорт" және "Өнер және дизайн" кафедрасы

Академиялық комитеттер құрамын бекіту. Өкім.

 


Факультет тарихы

Қазақстан Республикасында "Бұқаралық спортты дамыту жөніндегі шұғыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы № 2261 жарлығын жүзеге асыру туралы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 2005ж. 23 желтоқсандағы № 779 бұйрығымен бекітілген ҚР МЖМБС 5.04.01 – 2011 негізінде әзірленген және 5В010800 Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша білім бакалаврын даярлау деңгейіне қойылатын талаптар жас ұрпақтын жан-жақты өсуіне игі әсерін тигізеді. "Сырдария" университетінің "Дене шынықтыру және спорт" факультеті ҚР Білім және ғылым министірлігінің 2011 жылғы 8 тамызындағы № 349 бұйрығымен жұмыс жүргізуде. "Сырдария" университеті 1998 жылы 27 шілдеде құрылған. Факультетті 1998-2010 жылдары декан қызметін п.ғ.к., Л.Ә.Мырзабек басқарды.

2010-2013 жылдары "Дене шынықтыру және спорт" факультетін Е.Т.Әбіш басқарды. 2013 жылдан бастап факультет деканы Л.Ә. Мырзабек "Дене тәрбиесі және спорт“ факультетінің деканы болып қайта тағайындалды.

Мырзабек Лесбек Әліпұлы Алматыдағы Дене тәрбиесі институтына 1973 жылы түсіп, 1977 жылы бітірген. Қазақстанға еңбегі сіңген спорт қайраткері. 2005 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты атағын алу үшін спорт саласында қорғады. С.З.Серманизов "Сырдария" университетінің доценті, "Сырдария" волейбол құрама командасының жаттықтырушысы, Ұлттық дәрежедегі төреші.

"Дене шынықтыру және спорт" мамандығының аға оқытушылары Әбіш Ержан Төребекұлы волейболдан спорт шеберлігіне үміткер, облысымыздың, ауданымыздың және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары. Факультеттің 400-ден аса студент оқып, білім алуда, олардың 37 мемлекеттік білім грантының иегерлері. Кабинеттер мерзімді оқулықтармен, әдістемелі кешендермен (силлабус), жиһаздармен және спорттық құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Факультетте кафедра мүшелері спорт саласына байланысты ғылыми-зерттеу, әдістемелік жұмыстарды жүргізуде. Студенттердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік жасауда. Студенттердің спорттық жетістіктерін жоғарылату үшін факультетте спорттық секциялар жұмыс жасайды. Атап айтсақ: еркін күрес, баскетбол, волейбол, футбол, кіші футбол секциялары жұмыс істейді. "Дене тәрбиесі және спорт“ факультетінде 2 спорт залы, 2 тренажер залы және „Нұр-Дәулет“ спорт алаңы, күрес және кіші футбол алаңдарымен қамтамасыз етілген. Студенттердің педагогикалық шеберліктерін арттыру үшін педагогикалық және теориялық іс-тәжірибелер ұйымдастырылуда.


Білім беру бағдарламаларының презентациялары (.PDF-форматта)

"6В01401-Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау" білім беру бағдарламасының презентациясы

6В02101 - "Дизайн" білім беру бағдарламасы (45 слайд)

6В01403 - Көркем еңбек және сызу білім беру бағдарламасы (61 слайд)

6В01402 - Музыка мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасы (48 слайд)

Басқа білім беру бағдарламаларға арналған презентациялар (.PPTX-форматта)

Басқа білім беру бағдарламаларға арналған презентациялар (.PPTX-форматта)

 

Факультетте кафедра мүшелері жыл сайын университетте өткізілетін іс-шараларға, конференцияларға қатысып келеді. Бұл шаралар кафедра мүшелерінің теориялық жағынан деңгейін көтеруге елеулі турде ықпал етуде.

Факультетте бір кафедра төмендегі мамандық бойынша мамандар даярлайды: 5В010800- "Дене шынықтыру және спорт".

Кафедра дайындайтын мамандықтар кредиттік технология жүйесі бойынша оқытылып, профессор-оқытушылардың дайындауымен жаңа үлгі бойынша оқытылатын пәндердің жұмыс бағдарламалары, силлабустары оқу үрдерісіне пәрменді түрде енгізіліп, жүргізілуде.

1

Жетістіктер

Мұғалімдермен студенттер арасында жалпыға бірдей осы сынақтардан жақсы тапсырғандарды мақтау қағаздармен марапаттап отырамыз, жәнеде университет жанынан ашылған "Жеті сыр" газетіне жариялап отырады. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтымен тығыз байланыстамыз, олармен спорттын мынандай түрлерінде: футбол, волейбол, баскетбол түрлерімен мұғалімдер, студентер арасында жарыстық кездесулер өткізіп келісім шарт жасалынған. "Дене шынықтыру және спорт" мамандығының 4 - курс студенті Чактауова Ақсұлу Лабақпайқызының жетістіктері. ҚР чемпионы. Таэквон-до спортынан Қазақстан Республикасының 1-дан атағы берілді. ОҚО Таэквон-до /WTF/ Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған чемпионатының жеңімпазы ОҚО Таэквон-до /WTF/ Сайрам аудан әкімімінің "Нұр отан" партиясының кубок жеңімпазы. 24-25.01.2009ж.Сайрам қаласы. Президент федерация Таэквон-до /WTF/ Б. Аманкулов - Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы Төлембетов Сакенге арналған WTF Таэквон-додан ҚР ІХ-ші ашық біріншілігінің жеңімпазы. "Дене шынықтыру және спорт" мамандығының 4-курс студенті Орынбаев Ырысбек Қалмырзаұлы ашық біріншілікте БЖСМ каратэ-до шотокан жеңімпазы. Каратэ-до түрінен спорт шеберіне үміткер атағы берілген. Қазақстан кубогінің каратэ-до шотокан жеңімпазы. Қазақстан чемпионатында каратэ-до шотокан түрі бойынша 3 орын жеңімпазы. Әмір Темір кубогын Таэквон-до бойынша (ИТФ) жеңіп алған. Каратэ-до шотокан бойынша Қазақстан республикасының спорт шебері атағы берілген. "Дене тәрбиесі және спорт" факультетінің түлектері.

 

Мамедов Мамед Сұлтаноглы волейболдан облысымыздың және Республикамыздың екі дүркін жеңімпазы. Облысымыздағы "Қазығұрт" жоғарғы лигасы командасының мүшесі. Қазіргі таңда облысымыздың ішкі істер департаментінің жол қауіпсіздігі саласында қызмет атқаруда. Асабаев Еламан Әбдімомынұлы волейболдан ауданымыздың және облысымыздың бірнеше дүркін жеңімпазы. Қазіргі таңда облысымыздың жоғарғы лигасында ойнайтын "Қазығұрт-2" волейбол құрама командасының мүшесі.

"Сырдария" волейбол құрама командасының жетістіктері. Республикаға белгілі спорт тележурналисі Қынабай Аралбаевты еске алуға арналған волейболдан ерлер арасында 3- облыстық турнирінде 1- орынды жеңіп алған. Волейболдан ерлер арсында облыстық "Ақ бидай" күзгі спартакиадасының жеңімпазы.
Облыс әкімі Халық Абдулаевтың жүлдесіне арналған волейболдан ерлер арасында өткен жарыстың жеңімпазы.
Волейболдан ерлер арасында өткен "Алтын күз" спартакиадасының жеңімпазы. Шардара қаласында өткен Тастемір Махамбетовты еске алуға арналған турнирдің жеңімпазы. Шардара қаласында ерлер арасында өткен облыстық жарыстың жеңімпазы.  "Нұр Отан" ХДП жүлдесі үшін волейболдан өткен аудандық жарыстың жеңімпазы.
Сансызбай Тоғызбаевты еске алуға арналған волейболдан ерлер арасындағы 15 дәстүрлі Мақтарал ауданының ашық турнирінде "Сырдария" университеті 1 – орынды жеңіп алған. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 15 жыл толуына байланысты біздің университет ерлер арасында волейболдан турнир ұйымдастырып, осы ойында жүлделі 1- орынды иеленді. Аудандық спорт бөлімі өткізген "Біз - нашақорлыққа қарсымыз!" атты спорттық фестивалдың жеңімпазы.

Аудандық "Денсаулық" фестивалінде спорттың волейбол, қол күрес, гір көтеру, стол теннисі, ұзақ қашықтыққа және қысқа қашықтыққа жүгіруден университет аудан жеңімпазы атанды. Жеңіл атлетика бойынша қыз-балалар арасында 4200 метр қашықтыққа жүгіруден Қазахова Наргиза облысымыздың бірнеше дүркін жеңіпазы болды.  Университет түлегі Ережепов Талғат – Алматыдағы Абай атындағы ұлттық университетінде аға оқытушы қызметін атқарады. Баскетбол командасының жаттықтырушысы. Сәрсен Асқаров аудандық білім бөлімінің дене тәрбиесі және спорт бөлімінің менгерушісі болып қызымет атқарады. Біздің түлектер университетті бітірген соң, аудан колледждерінде мұғалім болып жұмыс атқаруда. Сакиев Ербол – Шардара ауданындағы спорт мектебінде волейболдан жаттықтырушысы болып қызмет істейді. Бекетаев Н., Жүнісов Ж., - Ғ. Мұратбаев атындағы гумунитарлық коледжінде мұғалім болып жұмыс істеуде.


БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ҚҰЖАТТАР
1. Пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешен
2. Оқытушының жеке жоспары
3. Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы кафедраның есебі
4. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру туралы құжаттар, оның ішінде шетелдерде
5. Түлектердің жұмысқа орналасуы туралы ақпарат
6. Оқытушыларының жарияланымдарының тізімі
7. ПОҚ шығарған оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі
8. Тәжірибе келісімдері
9. Элективті пәндердің жұмыс берушілерімен келісім хаттамалары
10. Халықаралық ынтымақтастық туралы есеп
11. Жұмыс берушілермен өзара әрекеттесу туралы ақпарат
12. Білім беру бағдарламалары мамандандырылған бөлмелері мен зертханалары 
13. Тезистерді, ғылыми кеңесшілер мен рецензенттерді бекіту туралы бұйрықтар
14. Дипломдық жұмыс
15. Кафедраның әдістемелік жұмысының жоспары
16. Кафедраның тәрбие жұмысының жоспары
17. Ашық сабақтарға талдау жүргізу хаттамалары

6В02101 - "Дизайн" 

 

6В01403 - Көркем еңбек және сызу

 

6В01402 - Музыка мұғалімдерін даярлау

 

Басқа құжаттарға сілтеме


📆 Соңғы оқиғалар

18.05.2021. ТІГІН ТІГУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

15.05.2021. Құрақ құрау - өнердің сарқылмас қайнар көзі

06.05.2021. Қазақтың кестелеу өнері! 

23.04.2021. ДОМБЫРА - ҚАЗАҚТЫҢ АСЫЛ ҚАЗЫНАСЫ

21.04.2021. Мүсіндеу өнері

01.04.2021. Ән көгінің сұңқары - Шәмші

31.03.2021. Қолөнер - сырлы өнер

30.03.2021. "Ән көгінің сұңқары-шәмші" атты ән кеші

26.03.2021. Кездесу «Өнердің тұнған сиқыры»


Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ)

16.04.2021. Киелі өнер қонған әулет

16.04.2021. МАМАНДЫҚ ТАНДАУ - ӨТЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ЖӘНЕ МАҢЫЗДЫ ІС

16.04.2021. МАМАНДЫҒЫМ-МАҚТАНЫШЫМ. ЖАҚСЫ МАМАНДЫҚ - ЖАҚСЫ БОЛАШАҚТЫҢ БАСТАУЫ

16.04.2021. ЖЕЗТАҢДАЙ ӘНШІ КАНАЛБАЙ СЕЙІЛБЕКҰЛЫ

16.04.2021. МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ-ӨМІРІМІЗДІҢ БІР КІРІПШІН Д¥РЫС ҚАЛАУ

7 СЫР №13 (452) 06.04.2018. "Музыкалық білім" кафедрасында. Алимова А.

7 СЫР №13 (452) 06.04.2018. Адами капитал - білім саласын дамыту негізі. Сапарбаева Ұ.

7 СЫР №15 (454) 20.04.2018. Жетісайдың Нұрғисасы - Бөрі Иса. Қосан Ғ.

7 СЫР №15 (454) 20.04.2018. Ой танымымды жетілдірудемін. Піләл Ж.


Бейнероликтер. Материалды-техникалық базасы. Факультет тынысы.

1. Дизайн білім беру бағдарламасы https://youtu.be/8zcUTPoTE-4

2. Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасы https://youtu.be/Q032cAlHacY

3. Музыка мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасы https://youtu.be/YpqpbwPVy64

4. Факультет туралы https://youtu.be/ikUBjmbPvw0

5. Музыкалық білім https://youtu.be/A66Kjxb8Bbw

6. Бейнелеу өнері және дизайн https://youtu.be/ViklETQwCOo

Жаңа пікірді жазу

Бұл өрістің мазмұны құпия ретінде сақталған және жарияланып көрсетілмейді.

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.